Берекелі алтын күз
Мектебімізде «Берекелі алтын күз» мерекесі өтті. 11 қазанда 5-7-сынып оқушылары, 13 қазанда 8-11-сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі мерекеге оқушылар үлкен дайындықпен келіпті. Мектеп оқушыларының Парламент ұйымы ұйымдастырған сайыс кезеңдерінен сыныптар жарысқа түсіп, әсем ән салып, мың бұрала би билесе, оқушылар табиғи материалдар мен жемістерді пайдаланып әртүрлі бұйымдар жасап, көпшілікті тәнті етті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.



