«Қазақ тарихының бастауы – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
30 қыркүйек күні 7 «а», 7 «ә», 7 «б»-сыныптар арасында «Қазақ тарихының бастауы – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар үш топқа бөлінді. Оқушылар қазақ әліпбиінің тарихы төңірегінде ой қозғады. Латын әліпбиін қолданудың тиімділігі, қазіргі заманмен өзектестігі жайлы өз ойларын ортаға салды. Берілген мақал-мәтелдерді үш тілге аударды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің көзқарасын еркін жеткізе білді.




