Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Даңқ аллеясы

     2017 жылғы 5-6 мамыр күндері мектебімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеп еске алу мақсатында мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелерінің фотосуреттерін әкеп, Даңқ аллеясын ұйымдастырды. Аллеяға жалпы саны 50 фотография қойылды. Даңқ аллеясында қарауылдық пост ұйымдастырылып, 8-10 сынып оқушылары 1 сағат сайын ауысып тұрды. Соғыста қайтыс болған майдангерлерді еске алу мақсатында шырақтар жағылды. 

Толығырақ

Робототехника олимпиадасының желілік кезеңі

     2017 жылғы 29 сәуір күні "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" өтті.

Толығырақ

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

      Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат арулары мектеп ер-азаматтарына арнап 4 мамыр күні үлкен мерекелік шара өткізді. Мерекеде көптеген ойын түрлері өткізіліп, флешмоб ұйымдастырылып, әсем әуендер шырқалып, пародия, видео-роликтер көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылды. "Asnazzz" тобы арнайы шақырылып, рэп жанрында өнер көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңы көңілді би кешіне ұласып, іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Толығырақ

Әскери-спорттық ойын

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25-жылдығына арналған әскери-патриоттық сайыс

Толығырақ

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрастырылған мобильді тобымен кездесу кеші

     2017 жылдың 3 мамырында 8-10 сыныптар арасында Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа байланысты құрастырылған мобильді тобымен кездесу кеші өткізілді.

Толығырақ

Хазыров Бекбулат Манапұлының библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері

     2017 жылдың 4 мамырында   Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының оқушылары С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысының  ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы, өлкетанушы, публицист Хазыров Бекбулат Манапұлының  библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесерінде болды.

Толығырақ

Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесу кеші

     2017 жылдың 3 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында  7 «Ә» сынып оқушылары 9 мамыр Жеңіс күніне арналған  Ұлы Отан соғысы  ардагерімен кездесу кешін  өткізді. 

Толығырақ

«Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты әндер байқауы

     2017 жылдың 2 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.

Толығырақ

Қ.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

     2017 жылғы 26-29 сәуір күндері Өскемен қаласында  «Құрмет» орденінің иегері,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Халық ағарту ісінің үздігі,  Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізілді.

Толығырақ

«Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртістерімен кездесу кеші»

     25 сәуірде Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртістерімен  мектебімізде кездесу кеші өткізілді. Кездесу  кешіне Ж.Аймауытов театрының бас қоюшы-режиссеры Ақанов Әділет Мерхатұлы, көркемдік жетекшісі Оқасов Бекболат Кабиденұлы. Талантты, дарынды әртістер – Нығманов Руслан Зекенұлы, Төлеубек Еркежан, Халық Рахат Бауыржанұлы, Ақдаулет Ақтілек, Манатбекұлы Бауржан келді. Шараның басында театрдың ашылу тарихына шолу жасалып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының қалай ашылғанын айтып өтті.

Толығырақ