Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Хазыров Бекбулат Манапұлының библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері

     2017 жылдың 4 мамырында   Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының оқушылары С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысының  ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы, өлкетанушы, публицист Хазыров Бекбулат Манапұлының  библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесерінде болды. Бекболат атамыз – 17 шақты кітаптың авторы. Әрбірі – өмірлік жолнама, Қазақстанның  және өлкеміздің тарихы, бүгінгі күн мен замандастарының тағдыры туралы  ойлар, әңгімелер.

     Бекболат атаның замандастары,  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысын ардагерлері, шекарашылар  жақсы  тілектерін айтып, келе жатқан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

     Шара өте қызықты, жас ұрпақтарға тәрбиелік мәні зор болып өтті. Кездесудің соңында Бекболат ата гимназия тәрбиеленушілеріне кітап сыйлады.