Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртістерімен кездесу кеші»

    2017 ж. 25 сәуірінде Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртістерімен  мектебімізде кездесу кеші өткізілді. Кездесу  кешіне Ж.Аймауытов театрының бас қоюшы-режиссеры Ақанов Әділет Мерхатұлы, көркемдік жетекшісі Оқасов Бекболат Кабиденұлы. Талантты, дарынды әртістер – Нығманов Руслан Зекенұлы, Төлеубек Еркежан, Халық Рахат Бауыржанұлы, Ақдаулет Ақтілек, Манатбекұлы Бауржан келді. Шараның басында театрдың ашылу тарихына шолу жасалып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының қалай ашылғанын айтып өтті.

     Кездесу барысында оқушылар әртістерге көптеген сұрақтар қойды. Олар қонақтардың мамандықты қалай таңдағандары, олардың ата-аналарының таңдаған мамандықтарына қалай қарағандары, өнер жолына түскен кездегі қиындықтарды қалай жене білгендері, кейіпкерді сомдау үшін қалай дайындалатындары,   т.б. сұрақтарға жауап алды. Әртістер  барлық сұраққа шын көңілден жауап беріп, домбыраның сүйемелдеуімен ән салып, поэзия оқып  берді.

     Сұхбаттасу барысында әртістер  өз бастарынан  өткен қызықты оқиғаларды айтып, оқушылардың көңілдерін көтерді.

     Кездесу адамның жаның жадыратып, көңілін сергіткен кеш болды. Кездесу соңында әртістер қауымы, жастарға жақсы оқумен қатар, мамандық тандауда қателеспеулеріне, алдарына қойған    мақсаттарына жете білу керектігі туралы тілек білдірді және театр қойылымдарының құрметті көрермендері болуға шақырды.