Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесу кеші
2017 жылдың 3 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында 7 «Ә» сынып оқушылары 9 мамыр Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесу кешін өткізді. Кездесуге соғысты өз көзімен көрген, жанымен сезінген, сұм соғыстың тауқыметін көрген Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, шекарашы, Павлодар облысының Құрметті азаматы – Хазыров Бекболат атамыз, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұражайының директоры – полковник Баяндин Еркін атамыз, Ішкі істер министрлігінің ардагері, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының түлегі –подполковник Жанболатов Нұрлыбек атамыз қатысты.
Сыйлы қонақтарымыз соғыс, ерлік, батылдық, Отансүйгіштік туралы қызықты сұхбат жүргізіп, қазіргі жас ұрпақтарға өз тілектерін айтып кетті. Біз де қазағымыздың қара домбырасының үнін шығарып, «Майданға хат» толғауларын жатқа оқып, ән шырқап, қызықты, есте қаларлық кеш өткіздік.