Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

   

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

 

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

  • Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
  • зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
  • мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
  • мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
  • дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
  • заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.) орындаудан бас тартады;медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

     

     

 

Толығырақ

«Сыбайлас жемқорлық картасы» жобалар сайысы

    Ақпанның 10-ы күні мектебімізде «Сыбайлас жемқорлық картасы»  тақырыбында жобалар сайысы өтті. Жоғарғы 8-11 сынып оқушылары жемқорлық туралы мәлімет таныстырумен қатар, Қазақстанның  әр облысында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне зерттеу жүргізді. Ол үшін оқушылар кітапханадағы барлық газеттерді оқыды.

 

Толығырақ

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

     9 ақпан күні Павлодар қаласы Дарынды кыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде «Жарқын болашақ» IX республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. 

Толығырақ

Тәрбие сағаты: «Тазалық-денсаулық кепілі».

     Ақпанның 8-і күні  5-7 сынып оқушыларына арналған «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын өткізудің мақсаты: денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшырататынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

     

Толығырақ

«Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаты

     Бүгін, яғни ақпан айының екінші жұлдызында  5 – 7 сыныптар аралығында бірлескен «Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың құқықтық білімін жетілдіре отырып, өз құқығын білетін және қорғай алатын азамат пен азаматша тәрбиелеу.

 

Толығырақ

Есірткі мен құқық бұзушылық

     Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Себебі есірткіні бір қолданғаннан кейін, тәуелді болып қаласың. Есірткі атты жұқпалы ауруға Қазақстанда шалыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып барады. Осы есірткі заттарды қолданатындар жасөспірім ұлдар мен қыздар. Өйткені олар өте еліктегіш болып келеді.

 

Толығырақ

"Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" ақпараттық сабақтары

     2017 жылдың 1 ақпанында Елбасымыздың «Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының негізінде барлық сыныптарда ақпараттық сабақтар өткізілді. Ақпараттық сабақ мақсаты – оқушыларды елбасымыздың жолдауымен таныстыру.  Елбасымыздың жолдауында  білім мен денсаулық мәселелеріне қатысты айтылған ойлары мен мақсаттары талқыланды. Әрбір оқушы ақпараттық сабаққа өте белсенді ат салысты.

Толығырақ

Кикбоксинг бойынша жасөспірімдер арасындағы ашық қала турнирі

2017 жылы 26-28 қаңтар аралығында кикбоксинг бойынша жасөспірімдер арасында ашық қала турнирі өтті.

Толығырақ

Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы

 

     Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы – 16.03.1937ж. Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандығын тәмамдады. Өзінің еңбек жолын 1957-1958 жылдары Чернорецк балалар үйінен бастайды. 1958-1962 жылдары Павлодар қаласындағы №9 орта мектепте аға пионервожатый қызметін атқарады. 1962-1966 жылдары №3 облыстық қазақ мектеп-интернатында аға тәрбиеші қызметін атқарады. 1966-1972 жылдары Красноармейка мектеп-интернатында оқу-ісінің меңгерушісі болып істейді. 1972-1982 жылдары мектеп-интернат, арнайы мектеп, балалар үйі саласы бойынша Облыстық білім беру бөлімінде инспектор қызметін атқарады. 1982 жылы Павлодар қаласындағы №4 қосымша мектеп-интернатының директоры қызметіне тағайындалды.  1986 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының  директоры.  Бар саналы өмірі мен еңбегін тек бала (ұрпақ) тәрбиелеу ісіне бағыштаған ұстаз-басшы бұл күнде облысқа, республикаға ағарту саласында  өзінің мол тәжірбесімен, еңбегімен танымал.

 

Толығырақ

Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының туған күніне арналған іс-шаралар

    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында  қаңтар айының 18 жұлдызында Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының туған күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Барлық сыныпта тәрбие сағаттары өтті.

 

Толығырақ