«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
9 ақпан күні Павлодар қаласы Дарынды кыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде «Жарқын болашақ» IX республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Жас ғалым» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Бектемір Ділназ және «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Оразбаев Мәрлен , «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Сейілжан Бектас ІІІ орындарға ие болды. Ал, "Жазушылар" бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Қабдолла Диана II орынды еншілесе, «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Нұрбекова Жансая І орынды иеленді. Республикалық кезеңінде Жансаяға сәттілік серік болсын демекпіз! Дайындаған шәкіртінің нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болғаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайрат Айсана Қайратқызы грамотамен марапатталды. Барлық жеңімпаз шәкірттер мен баптаған ұстаздарын құттықтаймыз!




