«Жүзден жүйірік озар жарысқанда...» атты мектепаралық спорттық іс-шаралары
Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына байланысты мектебімізде «Ыбырай Алтынсарин-қазақ даласының ұлы ұстазы» атты апталық болып, 2016 жылы 20 қазан күні «Жүзден жүйірік озар жарысқанда...» атты мектепаралық спорттық іс-шаралары ұйымдастырып өткізілді.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиада
2016 жылғы 14 қазан күні Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласының мамандандырылған мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептерінен 51 оқушы қатысты.
География пәнінен VI Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2016 жылдың 13 қазанында Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінде география пәнінен VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Үш жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облысымыздың ең дарынды оқушыларын жинайды. Олимпиадаға Павлодар облысының мамандандырылған білім мекемелерінен, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және аудандарының жалпы орта білім беру мектептерінен 73 оқушы қатысты. Сонымен қоса, олимпиадалық тапсырма сұрақтары бойынша география пәнінен мұғалімдерге арналған оқыту семинары өтті.
Бағдарламалау бойынша VI Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2016 жылғы 6 қазанда Павлодар облысының білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында өткізілген бағдарламалау бойынша VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 30 оқушы бақ сынасты. Мақсаты – оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және облыстағы олимпиадалық резервті қалыптастыру.
«ӨНЕР, БІЛІМ–БӘРІ ДЕ ОҚУМЕНЕН ТАБЫЛҒАН...» АТТЫ МЕКТЕПАРАЛЫҚ ЫБЫРАЙ ОҚУЛАРЫ
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ағартушы, педагог, жазушы, қазақ даласына білімнің шамын жаққан Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына байланысты «Өнер, білім– бәрі де оқуменен табылған...» атты мектепаралық Ыбырай оқулары 2016 жылдың 18 қазан күні өткізілді.
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН «Ы. АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨНЕГЕЛІ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ
Павлодар облысы Білім беру басқармасының келісімі және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдарының қатысуымен 17 қазан күні сағат 12.00-де Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында «Ы. Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық өнегелі әлеуеті және қазіргі заман» тақырыбында ғылыми конференция өткізілді.
Бокстан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты
2016 жылдың 12-15 қазан аралығында Бокстан 2001-2002 ж.т. жасөсіпрімдер мен 2001-2002, 1999-2000 ж.т. қыздар арасындағы чемпионаты өтті. Бұл сайысқа мектебімізден 6 оқушы - 5 ұл, 1 қыз бала қатысты.
Қыздар арасында 50 кг салмағында Бауыржанқызы Эльвира ІІ орын, ұлдар арасында 48 кг салмағында Айтым Әли ІІІ орын иеленді.
Құттықтаймыз!
Алтын күз
14 қазанда Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында "Алтын күз-2016" мерекелік кеші өтті. Бұл шараға мектебіміздің 9-10-сыныптары қатысты. Жарысқа қатысушылар 5 аталым бойынша сынға түсті. Сайыстың мақсаты - оқушыларды өнеге, салауатты өмірге, мәдениетке баулуға бағытталған.
"Үздік авторлық бағдарлама" республикалық конкурсының қорытындысы
2016 жылдың 12-13 қазан күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайы базасында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті.
Конкурста әртүрлі бағыт бойынша педагогтер 9 секцияда жұмыс жасады. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Өз ісінің шебері» номинациясымен математика пәнінің мұғалімдері Каирова Лаура Кажкеновна және Ергалиева Ментай Советовна марапатталды. Қажырлы еңбектің жемісін көре беріңіздер!
«8 тезистің сабақтағы көрінісі» тақырыбы бойынша әдістемелік күн
2016-2017 жылдың жоспарына сай 12 қазанда жас мамандарға арналған «8 тезистің сабақтағы көрінісі» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлердің жоспары оқу жылының басында бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Мақсаты – жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған, білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету, іс-тәжірибемен алмасу, әдістемелік көмек көрсету.
