Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН «Ы. АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨНЕГЕЛІ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

     Павлодар облысы Білім беру басқармасының келісімі және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдарының   қатысуымен 17 қазан күні сағат 12.00-де  Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында  «Ы. Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық өнегелі әлеуеті және қазіргі заман» тақырыбында ғылыми конференция  өткізілді.

 

Конференцияның мақсаты:  Ұлы ғалым Ы. Алтынсариннің мұрасын ұлықтау.

     

Міндеттері:

  • Мектеп оқушылары арасында Ы. Алтынсариннің педагогикалық, ағартушылық мұрасын зерделеу, насихаттау;
  • Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін, эстетикалық талғамын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
  • Оқушыларды Ыбырай поэзиясына, ұлы ұстаздың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • Қазақ мектептері арасындағы желілік қоғамдастық қызметті нығайту.

     Конференцияға  Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі,  №35 жалпы білім беру мектебі, Абай атындағы №10 мектеп-лицейі, Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, Облыстық көпсалалы лицей-мектебінен ұлы ағартушы, педагог, ақын мұрасына қызығушылық танытқан 9-10-сыныптарының оқушылары мен мұғалімдері шақырылды. Конференцияда педагогика ғылымдарының докторы, «Үздік ғалым» номинациясының иегері, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Еңлік Өсербайқызы Жұматаева мен филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Айман Файзоллақызы Зейнуллина ғылыми баяндама жасап, тыңдаушыларға көрнекті кемеңгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы жаңашыл танымдық, теориялық терең мәліметтер берді.

 

Еңлік Өсербайқызы Айман Файзоллақызы

 

     Сонымен қатар «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушылары Қабидолла Аружан мен Кенжехан Айдана, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Жарылғапберді Төлепбергенұлы Кәрімжан, облыстық, 10-сынып оқушысы Шарапиден Аида, 7-сынып оқушысы Манарбекова Аружан өздерінің зерттеу жұмыстары негізінде құрылған баяндамаларын жасады.

 

Қабидолла Аружан мен Кенжехан Айдана Шарапиден Аида 

     Ыбырай – қазақтың дархан жерінің білім туын ұстап тұрған кемеңгер, білімнің алтын діңгегіндей болған ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлға. Ыбырайдың бір өзі – тұтас, көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш сынды.          

     Шынар ағашындай тамырын мыңдаған жылдық тереңге тартып, төрткүл дүниенің төрт бұрышынан соққан дүлей дауылдарға мызғымай қарсы тұра алатын іргесі бекем ұлттар туған қазақ елі төл перзенттерін әрдайым бойтұмарындай қастер тұтады. Олай болса, ел-жұрт Ыбырай тәрізді  өзінің ұлыларын танып, өрелі биіктен көрініп, азаттықтың алтын нұрына бөлене берсін!