«Жүзден жүйірік озар жарысқанда...» атты мектепаралық спорттық іс-шаралары
Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына байланысты «Ыбырай Алтынсарин-қазақ даласының ұлы ұстазы» атты апталық аясында 2016 жылдың 20 қазан күні «Жүзден жүйрік озар жарысқанда...» атты мектепаралық спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Спорттық жарыс жоспары құрылып, жоспар бойынша ІІ топқа бөлді. Іс-шара мақсаты - оқушылардың күш-қуаттарын арттыру, мектепаралық байланыстарын, достық қарым-қатынастарын нығайту. Бұл спорттық жарысқа волейбол қыздар құрамасынан 5 команда, ал футбол ұлдар құрамасынан 6 команда қатынасты. Спорттық жарыстардың ашылу салтанатында Мемлекеттік Әнұран орындалып, мектеп директоры Сүлейменов Жомарт Нұртайұлы құттықтау сөз сөйледі. Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байжырықова Сәуле Қабылдиновна іс-шараның жоспарымен таныстырды. Өткізілетін жарыстардың қауіпсіздік ережелері оқушыларға таныстырылып, мұқият бақыланып отырды. Ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен ойнады.
Нәтижесінде, волейбол ойынында 1-орынды Облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы мектеп-лицейі, 2-орынды Дарынды балаларға арналған № 10 Абай атындағы мектеп-лицейі, 3-орынды № 35 жалпы орта білім беру мектебі иеленді. Футбол жарысында 1-орынды Жас дарын» мамандандырылған дарынды балаларға арналған облыстық қазақ мектебі, 2-орынды Дарынды ұл балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі, 3-орынды Дарынды балаларға арналған № 10 Абай атындағы мектеп-лицейі және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының ұлдар құрама командалары қанжығаларына байлады. «Шынықсаң, шымыр боласың» демекші, мұндай іс-шараларды өткізудің маңызы зор.





