"Алтын теңге" атты онлайн-сағақ
28 қарашада 8 – 11 сыныптар арасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Алтын теңге» атты онлайн-сабағы өтті. Сабақта қазақ елінің теңгесі, оның шығу жолдары, яғни тарихы жайлы сөз қозғалды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдады.
«Ұлттық теңге» атты тәрбие сағаты
28 қараша күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 7 «ә» және 7 «б» сыныптары арасында «Ұлттық теңге» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау.
5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиада
Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2016 жылғы 24 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 135 оқушы қатысты, оның ішінде 24 оқушы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 35 оқушы – аудандардан, 76 – мамандандырылған мектептерден.
Оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар дайындалды. Әр бағыттағы тапсырмалардың мәтіндерінің мазмұны түрлі сұрақтарды қамтыды, сондықтан балалардың әр пән бойынша білімдерін ұштастыруды талап етті. Мұндай тапсырмалар олимпиаданың талаптарына сәйкес оқушылардың өздігінен жұмыс істеулерін, жан-жақты ізденістерін, сынтұрғыдан ойлауларын және мәтінмен жұмыс жасауларын қалыптастырады.
Қазіргі заман қаһармандары
Павлодар қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазіргі заман қаһармандары» атты республикалық акция аясында мектебімізде полиция қызметкерлері Алпысбеков Серікбек Олжабекұлы, Алиев Мақсат Артықбайұлы, Қартбаев Нұрсұлтан Айдынғалиұлымен кездесу кеші өтті. Шара мақсаты – қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыру, ішкі істер органдарының жеке құрамын ерлік, патриоттық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада
Алматы қаласының «Бөбек» орталығында 2016 жылы 8‑11 қараша күндері «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға өнегелі-рухани білім беру, кұндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсету, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын таныту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ынталандыру.
Олимпиадаға Қазақстанның 14 облысынан 7-9-сыныптардың 80 оқушысы қатысты. Павлодар облысының намысын облыстық кезеңінің 4 жеңімпазы қорғады.
Олимпиада қатысушылары ұсынылған тақырыптарға эссе жазды және «Бес құндылық» тақырыбында командалық презентация жасады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 9‑сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет марапатталды. «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, білім айдынында еркін жүзе бердемекпіз!
«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2016 жылдың 4 қарашасында Павлодар қаласының № 25 мектебінде дарынды және талантты балаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында 1‑7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XII республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсы
2016 жылдың 4 қарашасында № 16 лицей-мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсы болып өтті.
«Педагогикалық бастамалар - 2016» облыстық конкурсының қорытындыcы
2016 жылғы 3 қарашада Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде облысымыздың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің «Педагогикалық бастамалар» жобасының қорғауы өтті. Конкурс ережесіне сай қатысушылар заманауи білім беру жүйесінің өзекті сұрақтары бойынша инновациялық тәжірибе, жобалар ұсынды.
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық байқауы
2016 жылдың 28 қазанында Естай атындағы Мәдениет сарайында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты дәстүрлі қалалық байқауы өтті.
Байқауда жас ақындар өлең-жырдан сайысқа түсті. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен лицей-колледждердің, ЖОО студенттері қатысты.
«Ыбырай Алтынсарин – дала қоңырауы» атты ашық тәрбие сағаты
26 қазанда Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған «Дала қоңырауы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
