«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсы
2016 жылдың 4 қарашасында № 16 лицей-мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсы болып өтті. Заман талабына жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу – қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған міндет. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - ақпараттық-коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернет желісін, электронды оқулықтарды пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Байқаудың мақсаты – білім беру процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды, жобаларды енгізу тәжірибесі мен әдістерімен бөлісу, оқу-тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданудың озық тәжірибесін тарату, оқытушылардың кәсіби қызметінде АКТ-ны қолданудағы шеберлігін жетілдіру. Ұсынылған 150 жобаның ішінен 132‑сі іріктеуден өтті. Мұғалімдер арасындағы байқауда ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Байдарбесова Қ.М., Жангабулова Ж.Е. II орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қайрат А.Қ., Касыбаева М.Б., информатика пәнінің мұғалімі Кенжебаева Д.К. «Әдіскер мұғалім» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
Оқушылар арасында 6-сынып оқушысы Каримов Мансур «Бағдарламалаушы-оқушы», 9-сынып оқушысы Оразбаев Марлен «Зерттеуші-оқушы» номинацияларына ие болды. Білім бағында алар жемістеріңіз көп болғай!


