Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада

     Алматы  қаласының  «Бөбек» орталығында 2016 жылы 8‑11 қараша күндері «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға өнегелі-рухани білім беру, кұндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсету, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын таныту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ынталандыру.

     Олимпиадаға    Қазақстанның 14  облысынан  7-9-сыныптардың 80 оқушысы қатысты.  Павлодар облысының намысын облыстық кезеңінің 4 жеңімпазы  қорғады.

     Олимпиада қатысушылары ұсынылған тақырыптарға  эссе жазды және «Бес құндылық» тақырыбында командалық  презентация жасады.  

     Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен мектебіміздің 9‑сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет марапатталды. «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, білім айдынында еркін жүзе бердемекпіз!