«Ұлттық теңге» атты тәрбие сағаты
28 қараша күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 7 «ә» және 7 «б» сыныптары арасында «Ұлттық теңге» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Туған жерін, Отанын құрмет тұтатын жас азаматтардың сүйіспеншілігін оятуға жағдай жасау. Тәрбие сағаты баяндау түрінде өтті. Сабақтың барысында оқушылар ақшаның пайда болу тарихымен, ақшаны зерттейтін ғылым туралы жаңа ұғымдармен танысты. Сонымен қатар, презентация арқылы Қазақстанда теңгенің шығу тарихына көз жүгіртті. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан бастап, төл теңгеміздің пайда болғаны туралы қызықты мәліметтер оқушылардың көңілінен шықты. Әр банкнота мен монеталардың бейнелеріне тоқталып, олардың ерекшеліктері туралы айтылды. Сабақтың соңында оқушылармен кері байланыс болды. Бүгінгі тәрбие сағаты арқылы оқушылар көлемді және қызықты мәліметтерді игергені туралы айқындалды.



