Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ыбырай Алтынсарин – дала қоңырауы» атты ашық тәрбие сағаты

     26 қазанда Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған  «Дала қоңырауы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

     Мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

     Кешегі тарих – бүгінгі ел болашағы, қазақ халқының қадым замандардан сол тарих діңгегімен бастаған жолдары – сырлы дала ұлыларының еңбегі, жемісі әрі жеңісі.

     Ыбырай Алтынсарин – халқымыздың зиялы қайраткері, тұңғыш  рет қазақ  балаларына арнап мектеп ашқан ағартушы-педагог, дара тұлға. Іс-шара барысында  «Лұқпан хакімнің» даналығын дәріптеп, «Мейірімді баланың» көңілінен үлгі ала, «Атымтай Жомарттың» кеңпейілділігін үлгі ететін әңгімелерден қойылым көрсетіліп, балаларға рухани азық болды. Қазіргі қоғамда жас ұрпақты барынша тек жақсылыққа бағыттау үшін көрнекті әрі рухани асыл қазыналарымыз басты құрал болып есептеледі. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин барша қазақ балалары оқыса деген арманын іске асырушы болды. Оның қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы қадірлі орны айқын білінеді. Оқушылар педагогтың өнегелі өмірі мен әлеуметтік қызметінің тарихи маңызын, оның адамдық болмысын тереңірек түсініп, тағылымды сабақ   алды  деп санаймыз.