Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Облыстық Мұқағали оқулары

     12 қазан күні Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын»  мамандандырылған мектебінде облыстық Мұқағали оқулары болып өтті. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Илимхан Ақерке 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, мектеп абыройын бір асқақтатты. Ұстазы Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!

Толығырақ

Алтын күз

6 қазан күні   «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ-де «Алтын күз - 2016» мерекесі өтті. 

Толығырақ

ҮЗДІК КӨПТІЛДІ ПЕДАГОГ-2016

     Көптілділік – заман талабы. Қазіргі білім берудегі өзгеріс үш тілді, яғни – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруді талап етеді. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені, білім әр адамға өмір бойы қажет екенін күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр.

    

Толығырақ

"ҰСТАЗ ДЕГЕН- ҰЛЫ ЕСІМ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

     Жыл сайын ұстаздар мерекесіне орай 11-сыныптардың ұйымдастыруымен  «Өзін-өзі басқару»  күні  өткізіледі. 30 қыркүйекте «Өзін-өзі басқару»  күні   таңертеңгі жиыннан басталды, жиында оқушылардан құрылған гимназия әкімшілігі ұстаздар ұйымын мерекелерімен құттықтады.

 

Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР ОҚУЛАРЫ

       Мектеп оқушыларының арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, мәдениетін дамыту, оның рухани мұрасын кейінгі ұрпақ есінде мәңгі сақтау, жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке баулу, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сусындату Мәшһүр Жүсіп оқуларын өткізудің басты мақсаты болды. Павлодар облыстық ­«Мәш­­һүр­­­­ Жүсіп» орталық мешіті Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, дәстүрлі ­«Мәш­­һүр­ Жүсіп оқулары» қалалық байқауын өткізді.
        Осымен үшінші рет өткізіліп отырған байқаудың басты мақ­саты – көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын наси­хаттау, осы арқылы жастар­дың иман­дылық тәрбиесіне ықпал ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру.

       

Толығырақ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ

       29 қыркүйекте    дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында өткізілген биология пәнінен VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасына  82 оқушы қатысты.Олимпиадалық тапсырма сұрақтары бойынша биология пәнінен олимпиада шеңберінде мұғалімдерге арналған оқыту семинары өтті.

         Оқушылардың биология пәнін терең білуге деген құштарлықтарын ояту, дамыту мақсатында  өткізген дәстүрлі додаға қатысып, мектебіміздің 7-сынып  оқушысы Хуантхан Нурсерик жүлделі 2-орын, 6-сынып  оқушысы Бекмағанбет Әділет Құрмет грамотасымен   марапатталды. Жеңімпаздарды және дайындаған ұстаздары Асанова Шнар Жангабыловна мен Букурова Салтанат Булатовнаны құттықтаймыз!

Толығырақ

«Тіл мәртебесі- ел келбетінің айнасы» атты апталық

          15-қыркүйек күні «Тіл мәртебесі - ел келбетінің айнасы» Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің  салтанатты ашылу рәсімі өтті. «ҚР Тіл туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі мекеменің іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл, Д.Бабатайұлының туғанына 215 жыл  толуына орай «Тілдер керуені» кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектеп дәліздеріндегі теледидарларда қазақ тілінде тақырыптық, анимациялық фильмдер көрсетілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Мен - тәуелсіз елдің ұланымын» және   «Менің сүйікті Павлодарым»  көрме атты сурет, қолөнер  көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты. Жауаптылар - Асайынов Б.Н., Абдикаликова М.Н.

            19-қыркүйек күні «Мәңгілік ел дегеніміз не?» атты пікірталас конференция болып өтті. Конференция барысында Елбасының 2014 жылғы  «Бір мақсат бір мүдде, бір болашақ» жолдауында халыққа таныстырылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы туралы сөз қозғалды. 11-сынып оқушылары Макишева Гаухар «Мәңгілік ел- бірлік», Қабдолла Диана «Мәңгілік  Ел - ұлттық тәрбие», Жанбау Марғұлан «Мәңгілік Ел - ұлтты сақтап қалу идеясы» тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Бұл іс-шараға жауапты тарих пәнінің мұғалімдері - Сәрсенов Т.М., Кәрімжан Ж.Т., Мұхтар Д.Б.

            Сонымен қоса,  осы күні «Үштілділік-тұғырым» Ұлттық мәдени жоба шеңберінде қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты блиц-турнир 7-8-сыныптар арасында болды. Мақсаты- оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Блиц-турнир танымдық ойын сабағы түрінде өтті. Сайыс «Таныстыру»,  «Кім тапқыр?» «Қара сөздер қасиеті», «Өнерлінің өрісі кең», «Жорға» деген бес кезеңнен тұрды. Бұл іс-шараға  жауаптылар  ағылшын, қазақ, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері- Жангабулова Ж.Е., Төлеу Ұ., Бекенова Қ.Қ.          

Толығырақ

Тілдер апталығы

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы бойынша 2016-2017 оқу жылының 15.09-23.09 қыркүйек аралығында «Тілдер апталығы» шеңберінде өткізіледі.

 

 

Толығырақ

XVII республикалық Абай оқулары

     2016 жылдың  7-10 қыркүйек аралығында жалпы білім беру ұйымдары арасында XVII республикалық Абай-Шәкәрім оқулары болып өтті. 17 жыл дәстүрлі түрде Семей қаласының «Абай-Шәкәрім» мұражай кешенінде өткізіліп келе жатқан сайысты биылғы жылы республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өз мәнінде ұйымдастырды. Мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Толығырақ

Табиғат аясына серуен

Мектебіміздің барлық сынып оқушылары жұма күні табиғат аясына серуенге шықты. Оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды.

Толығырақ