Табиғат аясына серуен
«Тәні саудың – жаны сау» деп атам қазақ текке айтпаған. Осыған орай, мектебімізде «Денсаулық күні» жыл сайын атап өтіледі. Бұл игі шара осы күнге дейін жалғасып, жақсы дәстүр қалыптасуда. Адам әр күні өз денсаулығын шынықтырып тұруы керек. Соның ішінде осындай денсаулыққа қаратылған күндер ерекше маңызға ие.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары таза ауада демалып, табиғат әсемдігіне тамсанды. Түрлі жаттығулар да сондай әсем болып көзге көрінді. Сонымен бірге әр сынып өнерпаздары да ортаға шығып, билерін көрсетті. Денелері жаттығып, көңілдері сергіп қалған оқушылар бұл күнді енді ескеріп жүретін болды. Флеш-моб ойындары да көңілдерді көтеріп жатты.
Саламаттылық – денсаулықтың кепілі. Осыны білген оқушылар күн сайын спорттық жаттығулармен достасуы керек. Дене шынықса – ауырмайсың, саулығың жақсарады. Белсенді түрде спортпен шұғылданғандар өзгеге көмек көрсетеді. Салауатты өмір салтын үнемі ұстанайық!
