БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ
29 қыркүйекте дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында өткізілген биология пәнінен VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасына 82 оқушы қатысты.Олимпиадалық тапсырма сұрақтары бойынша биология пәнінен олимпиада шеңберінде мұғалімдерге арналған оқыту семинары өтті.
Оқушылардың биология пәнін терең білуге деген құштарлықтарын ояту, дамыту мақсатында өткізген дәстүрлі додаға қатысып, мектебіміздің 7-сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик жүлделі 2-орын, 6-сынып оқушысы Бекмағанбет Әділет Құрмет грамотасымен марапатталды. Жеңімпаздарды және дайындаған ұстаздары Асанова Шнар Жангабыловна мен Букурова Салтанат Булатовнаны құттықтаймыз!

