Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ҮЗДІК КӨПТІЛДІ ПЕДАГОГ-2016

     Көптілділік – заман талабы. Қазіргі білім берудегі өзгеріс үш тілді, яғни – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруді талап етеді. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені, білім әр адамға өмір бойы қажет екенін күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр.

     Осы орайда, 23 қыркүйек күні  «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасы аясында «Үздік көптілді педагог-2016» облыстық  байқауы өткізілген болатын. Тілдік пәндерді біріктіру арқылы полилингвалды тұлғаны қалыптастыру заман талабы болғандықтан, ұлағатты ұстаз өз білімін, шеберлігін ортаға салып, үнемі жетілдіруі аса маңызды. Байқау қорытындысы бойынша биологияны ағылшын тілінде жүргізетін мектебіміздің ұстазы  Байдарбесова Қымбат Маратқызы «Үздік педагог-2016» номинанты атанды. Еңбегіңіз жанып, тәуелсіз еліміздің шәкірттерін үйретуден жалықпағайсыз!