Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ҚАЛАЛЫҚ МӘШҺҮР ОҚУЛАРЫ

       Мектеп оқушыларының арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, мәдениетін дамыту, оның рухани мұрасын кейінгі ұрпақ есінде мәңгі сақтау, жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке баулу, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сусындату Мәшһүр Жүсіп оқуларын өткізудің басты мақсаты болды. Павлодар облыстық ­«Мәш­­һүр­­­­ Жүсіп» орталық мешіті Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, дәстүрлі ­«Мәш­­һүр­ Жүсіп оқулары» қалалық байқауын өткізді.
        Осымен үшінші рет өткізіліп отырған байқаудың басты мақ­саты – көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын наси­хаттау, осы арқылы жастар­дың иман­дылық тәрбиесіне ықпал ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру.

        Байқауға қатысушылар дала ғұламасы, дін қайраткері, ағартушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жырсандықта көрсетілген өлеңдерінен жатқа айту; дін тақырыбындағы шы­ғар­маларының мазмұнын айту (қатысушы 11 тақырыптың іші­нен іліккен тақырыптың маз­мұнын айтуы тиіс) және ақынға арнау өлең жазу сияқты үш кезеңнен тұратын сыннан өтіп, сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналған викторина сұрақтарына жауап беру бойынша өзара са­йысқа түсті.
       Мектебіміздің 11 «б»-сынып оқушысы Илимхан Ақмарал оза шауып жүлделі 2-орынмен оралды. Жетекшісі-Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы. 9»б»-сынып оқушысы  Оразбаев Мәрлен Алғыс хатпен марапатталды. Жеңістің тұғырынан көріне беріңіздер!