Облыстық Мұқағали оқулары
12 қазан күні Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде облыстық Мұқағали оқулары болып өтті. Мақсаты – оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума таланттарын, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретіне баулу, өз ой-пікірлерін жеткізе білуін дамыту.
М.Мақатаев оқуларына жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, өлеңді тақырыбына сай талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық қабілеті бар оқушылар қатысты. Тартысты дода 5 бөлімнен құралған. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Илимхан Ақерке 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, мектеп абыройын бір асқақтатты. Ұстазы Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!

