Алтын күз
Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.
Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата-бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, мектебімізде қазанның 6-сы «Аяулы күз, Алтын күз – 2016» мерекелік кеші ұйымдастырылды. Бұл шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Әрине, қатысушылар бұл кезеңде қобалжыды. Киім, шаш үлгілеріне қатты қобалжыды, бірақ көрермендер қошеметі қатысушыларға көмек және күш берді. Біз әр сайысқа шыққан сайын қатысушылардың өздеріне сенімді екенін көрдік, жүздерінен күлкі үйіріліп, көздері жанып, қобалжудан арылып, әділқазыларды өздеріне тарта білді. Кеңесшілер (әділқазылар) өздерінің әділ бағаларын берді. Барлық қатысушыларға номинациялар беріп, мақтау қағазымен марапаттады.
Күз мерекесі қатысушыларға да, көрермендерге де өте қатты ұнады. Біз бұл күзге ризамыз, себебі достыққа, қуанышқа толы күзгі бал мерекесі барлығымызды жинады.







































