«Тіл мәртебесі- ел келбетінің айнасы» атты апталық
15-қыркүйек күні «Тіл мәртебесі - ел келбетінің айнасы» Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «ҚР Тіл туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі мекеменің іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл, Д.Бабатайұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Тілдер керуені» кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектеп дәліздеріндегі теледидарларда қазақ тілінде тақырыптық, анимациялық фильмдер көрсетілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Мен - тәуелсіз елдің ұланымын» және «Менің сүйікті Павлодарым» көрме атты сурет, қолөнер көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты. Жауаптылар - Асайынов Б.Н., Абдикаликова М.Н.
19-қыркүйек күні «Мәңгілік ел дегеніміз не?» атты пікірталас конференция болып өтті. Конференция барысында Елбасының 2014 жылғы «Бір мақсат бір мүдде, бір болашақ» жолдауында халыққа таныстырылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы туралы сөз қозғалды. 11-сынып оқушылары Макишева Гаухар «Мәңгілік ел- бірлік», Қабдолла Диана «Мәңгілік Ел - ұлттық тәрбие», Жанбау Марғұлан «Мәңгілік Ел - ұлтты сақтап қалу идеясы» тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Бұл іс-шараға жауапты тарих пәнінің мұғалімдері - Сәрсенов Т.М., Кәрімжан Ж.Т., Мұхтар Д.Б.
Сонымен қоса, осы күні «Үштілділік-тұғырым» Ұлттық мәдени жоба шеңберінде қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты блиц-турнир 7-8-сыныптар арасында болды. Мақсаты- оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Блиц-турнир танымдық ойын сабағы түрінде өтті. Сайыс «Таныстыру», «Кім тапқыр?» «Қара сөздер қасиеті», «Өнерлінің өрісі кең», «Жорға» деген бес кезеңнен тұрды. Бұл іс-шараға жауаптылар ағылшын, қазақ, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері- Жангабулова Ж.Е., Төлеу Ұ., Бекенова Қ.Қ.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – халықтар достығының алтын кілті» атты онкүндікте қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша өткізілген «Тіл - тәуелсіздіктің тірегі» атты шығармалар сайысында терең білімі мен біліктілігін танытқан 5«в»-сынып оқушысы Окпина Айым, 10 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан, 10 «а»-сынып оқушысы Сарыбай Құдірет, І дәрежелі дипломмен 8 «б»-сынып оқушысы Абдрайымов Ерназ, Бәкібай Толғанай, ІІ дәрежелі дипломмен 7 «б»-сынып оқушысы Ерғали Назерке, 10 «б»-сынып оқушысы Шарапиден Аида марапатталды. Жауапты - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абаева А.Т., Саденова О.Б., Байдарбесова Қ.М.
«Тіл – достықтың алтын көпірі» сыныптан тыс интеллектуалдық ойыны үш тілде 7-8-сыныптар арасында өтті. Мақсаты - танымдық белсенділігі жоғары, ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін интеллектуалдығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың ғылыми-теориялық көзқарасын дамыту, инновациялық технологияның тиімді тәсілдерін қолдану. Мектеп ұстаздары және оқушылар іс-шараға белсенді қатысты. Жауапты - биология, физика пәнінің мұғалімдері.
20-қыркүйек күні «Кітап- білім бұлағы» демекші, 5-6-сыныптар мектеп кітапханасына саяхат жасап, көптеген қызықты ақпараттармен танысса, 21-қыркүйек күні «Тілдің мерейі – елдің мерей» деген тақырыппен мектебіміздің барлық сыныптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты - үштұғырлы тілді насихаттау, ана тілімізді ұлықтау.

22-қыркүйек күні «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде 2016 жыл таңдауы - Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Ақылы - тас, аты - аңыз» атты әдеби-монтажды кешке 9-10-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - елдіктің жырлаушысы, еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының өмірін, шығармаларын оқушыларға терең таныстыру, ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып-білу арқылы ақын жырлары ұрпақ санасында ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін оятары сөзсіз. Өзі өлседе, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге. Жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімдері - Қайрат А.Қ., Мұхаметжанова Р.Ж.
23-қыркүйек «Тіл – халықтар достығының алтын кілті» атты онкүндіктің жабылуы фестиваль түрінде өтті. Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптар мен оқушылар, тәрбиешілер марапатталды. Тіліміздің тұғыры қашанда биік болсын!
