Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

XVII республикалық Абай оқулары

 

XVII республикалық Абай оқулары

 

     2016 жылдың  7-10 қыркүйек аралығында жалпы білім беру ұйымдары арасында XVII республикалық Абай-Шәкәрім оқулары болып өтті. 17 жыл дәстүрлі түрде Семей қаласының «Абай-Шәкәрім» мұражай кешенінде өткізіліп келе жатқан сайысты биылғы жылы республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өз мәнінде ұйымдастырды. Мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі  бойынша 6-сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет  ІІІ дәрежелі диплом иегері атанса (Жетекшісі: Мұхаметжанова Р.Ж.),  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі  бойынша Сарыбай Құдірет  «Ұлыларды ұлықтаушы» атты номинация жүлдегері  (Жетекшісі: Қайрат А.Қ.), «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша Сейілхан Аманбол  «Өнерпаз» номинациясының жүлдегері боп танылды. Сонымен қоса, Абай оқуларында дарынды балаларды айқындау, дайындау және оларға қолдау көрсету ісіне қосқан елеулі үлесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайрат Айсана Қайратқызы республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Дүбірлі додада бәйгемен оралған оқушылар мен баптаған жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

 

Сарыбай ҚұдіретМұрат Нұрдәулет - ІІІ орын

 

Сейілхан Аманбол

 

Қайрат Айсана Қайратқызы