Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиада

     Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2016 жылғы 24 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадасы өтті.  Олимпиадаға 135 оқушы қатысты, оның ішінде 24 оқушы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 35 оқушы – аудандардан, 76 – мамандандырылған мектептерден.

     Оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар дайындалды. Әр бағыттағы тапсырмалардың мәтіндерінің мазмұны түрлі сұрақтарды қамтыды, сондықтан балалардың әр пән бойынша білімдерін ұштастыруды талап етті. Мұндай тапсырмалар олимпиаданың талаптарына сәйкес оқушылардың өздігінен  жұмыс істеулерін, жан-жақты ізденістерін, сынтұрғыдан ойлауларын және мәтінмен жұмыс жасауларын қалыптастырады.

     Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен – 11 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 21, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 30 оқушы марапатталды.

     ІІІ дәрежелі дипломдарға Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары Аянбекұлы Жанболат және Жиксимбай Мухамедәли ие болды.