«Педагогикалық бастамалар - 2016» облыстық конкурсының қорытындыcы
2016 жылғы 3 қарашада Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде облысымыздың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің «Педагогикалық бастамалар» жобасының қорғауы өтті. Конкурс ережесіне сай қатысушылар заманауи білім беру жүйесінің өзекті сұрақтары бойынша инновациялық тәжірибе, жобалар ұсынды.
Құрамында ПМПИ ғалымдары, әдіскерлер, тәжірибелі ұстаздар, мектеп директорларының орынбасарлары бар әділ қазылар алқасы қатысушыларды бес секцияда бағалады.
Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының сертификатымен 31 жоба үздік деп аталды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциясы бойынша мектебіміздің мұғалімдері Қайрат Айсана Қайратқызы, Қасыбаева Майра Бағдатқызы, Кенжебаева Дәметкен Камариденқызының облыс көлемінде тәжірибелері жинақталып, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының сертификатына ие болды. Республикалық «Педагогикалық идеялар» конкурсына жолдама алған ұстаздарға сәттілік тілейміз!

