Бағдарламалау бойынша VI Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

2016 жылғы 6 қазанда Павлодар облысының білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында өткізілген бағдарламалау бойынша VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 30 оқушы бақ сынасты. Мақсаты – оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және облыстағы олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Нәтижесінде, мектебіміздің 8-сынып оқушысы Өндіріс Бибісара Құрмет Грамотасымен марапатталды. Жетекшісі - Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы. «Білімдінің күні жарық» демекші, алар асуларың жалғасын таба берсін!

