«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиада
2016 жылғы 14 қазан күні Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласының мамандандырылған мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептерінен 51 оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 7-сынып оқушысы Шәмшиден Жібек және 9-сынып оқушысы Абдраимов Ердәулет І дәрежелі, 9-сынып оқушысы Серік Камила ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Шын жүректен құттықтай отырып, алар асуларың көп болсын дегіміз келеді.
