Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының туған күніне арналған іс-шаралар
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында қаңтар айының 18 жұлдызында Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының туған күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Барлық сыныпта тәрбие сағаттары өтті.
Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы 45 жылдай ұстаздығымен қатар мектеп басқару ісінің майталманы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың стипендиясының, 1983 жылдың ҚазССР "оқу-ағарту ісінің үздігі" төс белгісі, 1991 жылы "Еңбек ардагері", 2001 жылы "Құрмет белгісі" орденінің иегері, 2008 жылы "Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен" марапатталған. Іскер, білікті басшы Мақажан Несіпбайұлы еліне, ұрпағына сіңірген еңбегімен еліне жүрек жылуын, жақсылықтың шапағатын шашып жүрген үлкен парасат иесі.

