«Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаты
Бүгін, яғни ақпан айының екінші жұлдызында 5 – 7 сыныптар аралығында бірлескен «Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың құқықтық білімін жетілдіре отырып, өз құқығын білетін және қорғай алатын азамат пен азаматша тәрбиелеу.
Сабақтың бірінші кезеңінде шағын баяндамалар оқылып, оқушылармен диалогтық әңгіме жүргізілсе, екінші кезеңінде қызықты «Құпияға толы ұяшықтар» ойыны ойнатылды. Ал үшінші кезеңінде оқушылар дайындаған бала құқығына байланысты көрініс көрсетіліп, көріністен түсінген ойлар мен әсерлері түйінделді. Оқушылар сабақ барысында өз құқықтары жайлы көптеген мәліметтерге қанық болып, құқықтық білімі арта түсті. Аталмыш тәрбие сағатының танымдық жағынан да тәрбиелік жағынан да оқушыларға берері көп болды.



