«Сыбайлас жемқорлық картасы» жобалар сайысы
Ақпанның 10-ы күні мектебімізде «Сыбайлас жемқорлық картасы» тақырыбында жобалар сайысы өтті. Жоғарғы 8-11 сынып оқушылары жемқорлық туралы мәлімет таныстырумен қатар, Қазақстанның әр облысында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне зерттеу жүргізді. Ол үшін оқушылар кітапханадағы барлық газеттерді оқыды.

Аталмыш жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасай білуді, ол туралы қосымша мәлімет тануды мақсат етті. Қазіргі заманда Қазақстан әлем бойынша жемқорлық деңгейінің 141-інші орнында.Осыған байланысты, 9 «а» сынып оқушылары Павлодар аймағындағы жемқорлық істерді санамалап, толыққанды мәлімет енгізді. Жоба ретінде көрсетілген мәліметтер нақты картамен көрсетілді.Қазіргі таңда жас қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттап, алдын-ала құқық бұзушылықтан сақтандыру-елеулі мәселе. Осындай іс-шаралардың әсерінен жасөспірім қауым болашақта көп нәрсені ескереді деген үміттеміз.


