Қ.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2017 жылғы 26-29 сәуір күндері Өскемен қаласында «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Халық ағарту ісінің үздігі, Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиада мақсаты – дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, патриотизмді дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.
Облыс, қала берді, мектебіміздің намысын қорғап, III дәрежелі дипломмен 11-сынып оқушысы Күбеш Наргиз марапатталса (Жетекшісі: Ахметова Г.Қ.), 10-сынып оқушысы Шарапиден Аида «Үздік әдебиетші» (Жетекшісі: Касыбаева М.Б.) аталымына ие болды. Жеңіс туын әрдайым желбірете беріңдер демекпіз!
Қазақтың қасиетті тілі мен әдебиетін сүйетін жас ұрпақтың көбейе түскені ел үміті мен болашағының зор екендігін аталмыш білім сайысының дәлелдей түскені сөзсіз.


