Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрастырылған мобильді тобымен кездесу кеші

     2017 жылдың 3 мамырында 8-10 сыныптар арасында Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа байланысты құрастырылған мобильді тобымен кездесу кеші өткізілді.

     Кездесу  кешіне Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Жүсіпов Тыныштық Ғарифоллаұлы, қоғам қайраткері, бизнес өкілі Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы, Павлодар облысы бойынша департаменттің бас маманы Әлімханов Олжас Сансызбайұлы келді. Шараның басында Қазақстанның сыбайлас жемқорлық бойынша жер жүзінде алатын орны, республикамыздағы жемқорлыққа қарсы заң жинақтары туралы шолу жасалып, көптеген мәліметтер айтылды. Кездесу барысында оқушылар қонақтарға көптеген сұрақтар қойды. Олар жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қолданылатынын, қылмыстың жазаларын, болашаққа қойылған мақсаттар жөніндегі т.б. сұрақтарға жауап алды. Қонақтар барлық сұраққа шын көңілден жауап беріп,оқушыларға ізгі тілектерін айта кетті. Іс-шара барысында, 9 «б» сынып оқушысы, парламент мүшесінің президенті Оразбаев Марлен жүрекжарды өлеңімен тарту етті.    

     Кездесу соңында мобильді топ қауымы, жастарға жақсы оқумен қатар, кез-келген жағдайда қателеспеулеріне, алдарына қойған мақсаттарына жете білу керектігі туралы тілек білдірді және әділдік жолында болуға шақырды.