«Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты әндер байқауы
2017 жылдың 2 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Әндер байқауы 2 бөлімнен тұрды:
1 бөлім: Соғыс кезіндегі әндер;
2 бөлім: Соғыстан кейінгі патриоттық әндер.
Байқауға 5-10 сынып оқушылары, барлығы 15 сынып қатысты.
8-10 сынып оқушылары соғыстың кезіндегі әндерді айтты. Олар: «Священная война», «Катюша», «Смуглянка», «Три танкиста», «Десятый батальон», «Шығыстың қос жұлдызы» әндері.
5-7 сынып оқушылары Қазақстанның патриоттық әндерін ортаға салды. Олар: «Жаса Қазақстан», «Нұраға», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Әрқашан күн сөнбесін», «Ақкөгершін», «Бейбітшілік сақталсын» әндері.
Әділ-қазылар өзінің әділ шешімдерін шығарғаннан кейін, баршамызға үш орын иегерлері белгілі болды. I орын иегері – 5 «б» сынып оқушыларының орындауында «Жаса Қазақстан» әні, II орын иегерлері – 9 «б» сынып оқушыларының орындауында «Смуглянка» әні, III орын иегерлері – 5 «в» сынып оқушыларының орындауында «Шығыстың қос жұлдызы» әні. Орын иегерлері дипломмен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.



