Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Даңқ аллеясы

     2017 жылғы 5-6 мамыр күндері мектебімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеп еске алу мақсатында мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелерінің фотосуреттерін әкеп, Даңқ аллеясын ұйымдастырды. Аллеяға жалпы саны 50 фотография қойылды. Даңқ аллеясында қарауылдық пост ұйымдастырылып, 8-10 сынып оқушылары 1 сағат сайын ауысып тұрды. Соғыста қайтыс болған майдангерлерді еске алу мақсатында шырақтар жағылды.