Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

5-6-сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиада

     2017 жылы 30 қарашада мектебімізде 5-6-сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиада өтті. Олимпиадаға облысымыздың 144 оқушысы қатысты.

     Олимпиадада математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын анықтауда кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындау, дұрыс дәйектелген математикалық  ой-пікірлерін айта білу, қоршаған әлемді түсінуге қажетті қорытынды жасау, білімді тәжірибеге айналдыру сияқты біліктіліктер таразыға салынды. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебімізден қатысқан оқушылардың ішінде 6 «б»-сынып оқушысы Қанатұлы Даниял(жетекшісі Булатов Данияр Ардакович) – І орын, 6«ә»-сынып оқушысы Суюндыков Марғұлан(жетекшісі Назриденов Серик Назриденович)  – ІІ орын, 6«ә»-сынып оқушысы Мушкин Саят (жетекшісі Каиржанова Арайлым Ерболовна), 5 «а»-сынып Мүбәрак Мансұр(жетекшісі Танатова Айнагуль Сарсенбаевна), 6 «а»-сынып оқушысы Нугманов Данат (жетекшісі Булатов Данияр Ардакович)  – ІІІ орын жеңімпаздары атанды.

     Жүлдегер оқушыларымызды және аталған жас мұғалімдерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Алда алар асулар мен шығар белестер көп болсын.

 

 

Толығырақ

Ақпараттық шолу «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

2017 жылдың 29 қарашасында «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық шолу өтті. Жауапты: «Адал ұрпақ» ұйымының жетекшісі Жамалиденова Гашура Шакитовна. 

Толығырақ

Тұңғыш Президенті күніне орай «Асық ату» ойыны

2017 жылдың 25 қарашасында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Асық ату» ойынынан Павлодар облысы мектептерінің оқушылары арасында өткен турнирге оқушыларымыз белсене қатысты. Атап айтқанда, 6-сынып оқушылары Садыр Арыстан, Тілеуберді Сатжол, 7-сынып оқушылары Дайырбаев Әлібек, Сейткұлов Әділет Алғыс хатпен марапатталды.

Толығырақ

«Туған жер – тұғырың» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 23 қарашасында  облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Туған жер – тұғырың» тақырыбында облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Мектебімізден оқушылар қатысып, конференцияда баяндама жасады. 11 «б»-сынып оқушылары Бәкібай Толғанай І дәрежелі дипломмен, Кабдулхамит Камшат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Толығырақ

Тұңғыш Президент күніне арналған мектепішілік пионербол жарысы

2017 жылы 23-24  қараша күндері Тұңғыш  Президент  күніне  арналған 5-6-сынып оқушылары арасында мектепішілік пионербол жарысы өткізілді. Нәтижесінде  6 «б»-сыныбы – І орын, 5 «а»-сыныбы - ІІ орын, 5 «ә»-сыныбы - ІІІ орынды иеленді.

Толығырақ

«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» акциясы

     25 қарашада  Тұңғыш Президент күніне орай облыстық Ішкі істер департаменті «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» акциясы шеңберінде дарынды балаларға ашық есік күнін өткізді. Мектебімізден 11-сынып оқушылары арнайы ұйымдастырылған «Көңілді старт» жарысына қатысып, ІІ орынды қанжығаларына байлады. Оқушылар үшін жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылып, оқушыларға  қылмыс пен құқықбұзушылық туралы мәліметтер айтылды.

Толығырақ

Ғылыми жобалар сайысы

     2017 жылдың 24 қарашасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11-сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден 20 жұмыс  (4 командалық) 28 оқушы іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге қатысқан болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 3 ғылыми жұмыс, 5 оқушы: 10-сынып оқушысы Әмірқұмар Медхат «Әдебиет» секциясы бойынша (жетекшісі: Бекенова К.К.), 11-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан мен 9-сынып оқушысы Мұхаметхан Адия «Этномәдениеттану» секциясы бойынша (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 8-сынып оқушылары Дәуенова Дильназ бен Құрманбай Назерке «Тіл білімі» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Окпина Б.М.) марапатталды.

     ІІ дәрежелі дипломмен 3 ғылыми жұмыс, 4 оқушы: 11-сынып оқушысы Олжатаев Қуаныш «Адам және қоғам» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 11-сынып оқушылары Маликов Ағзам мен Оразхан Әйгерім «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 8-сынып оқушысы Альмухамбетова Аружан "Өлкетану" секциясы бойынша (жетекшісі: Төлеу Ұ.) марапатталды.

     ІІІ дәрежелі дипломмен 5 ғылыми жұмыс, 6 оқушы: 11-сынып оқушысы Газизов Зейнолла «Информатика» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Д.К.), 11-сынып оқушысы Омарова Аружан «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Ахметова Г.К.), 10-сынып оқушысы Бектемір Дильназ «Тіл білімі» секциясы (жетекшісі: Төлеу Ұ.), 11-сынып оқушысы Марат Аймера «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 10-сынып оқушылары Ахмедеева Диана мен Муслимова Лана «Тарих» секциясы бойынша (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.) марапатталды.

     Барлық жеңімпаз оқушыларымызды және ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы пәндік тестілеуден сүрінбей өтіп, республикалық кезеңде де биіктен көрінулеріңізге тілектеспіз.

Толығырақ

Зейнеткерлікке шықты

     «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай, мұғалімнің сіңірген тәрбиесі мен өнегесі - оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы анық. Бүгінгі таңда ел ұрпағына ұлағатты тәрбие беру, адамгершіліктің ізгі нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Алайда осы салада бар күш-жігерін жұмсап, бойындағы бар жылуын  ұрпақ тәрбиелеуге арнап, шәкірттерінің алғысына бөленген ұстаздар да бар. Сондай аяулы ұстаздарымыздың бірі әрі бірегейі - Жусупова Маржангуль Мубараковна.

     23 қыркүйекте Жусупова Маржангуль Мубараковна зейнеткерлік жасқа толды. Мектеп ұжымы ардақты ұстазымызды құттықтап, игі тілектерін арнады. Мектеп директоры Сулейменов Ж.Н. Павлодар облыстық кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.

     11 «а»-сыныбының оқушылары тәрбиешілерін осы мерейлі күнімен құттықтауға дайындықпен келіпті: тамылжыта ән шырқады, ұстаздарын әсем ырғақты вальске шақырды.Тәрбиешілерінің өмір белестерінен шағын бейнебаян көрсетіп, ұстаздарының көңілін бір көтеріп тастады.

 

Толығырақ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағаты

21 қарашада мектеп кітапханасында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты  өтті.  Тәрбие сағатына 5-8-сынып оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізе білді. Нәтижесінде  тақырып кеңінен талқыланды. Арнайы көрсетілген бейнероликтерді талдап, өз көзқарастарын білдірді. Әр топ бірлесе отырып, «Бейбітшіл ел - Қазақстан» моделін жасады. Жауапты: 7 «б»-сынып тәрбиешісі Мұсабекова А.К.

Толығырақ

«Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз» тәрбие сағаты

2017 жылдың 22қарашаcында мектебімізде 6-10-сыныптар арасында «Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Төтенше жағдайлар басқармасынан мамандар келіп, оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы мәліметтермен бөлісті. Жауапты: 5 «б»-сынып тәрбиешісі Жамалиденова Гашура Шакитовна.

Толығырақ