Ғылыми жобалар сайысы
2017 жылдың 24 қарашасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11-сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден 20 жұмыс (4 командалық) 28 оқушы іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге қатысқан болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 3 ғылыми жұмыс, 5 оқушы: 10-сынып оқушысы Әмірқұмар Медхат «Әдебиет» секциясы бойынша (жетекшісі: Бекенова К.К.), 11-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан мен 9-сынып оқушысы Мұхаметхан Адия «Этномәдениеттану» секциясы бойынша (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 8-сынып оқушылары Дәуенова Дильназ бен Құрманбай Назерке «Тіл білімі» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Окпина Б.М.) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен 3 ғылыми жұмыс, 4 оқушы: 11-сынып оқушысы Олжатаев Қуаныш «Адам және қоғам» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 11-сынып оқушылары Маликов Ағзам мен Оразхан Әйгерім «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 8-сынып оқушысы Альмухамбетова Аружан "Өлкетану" секциясы бойынша (жетекшісі: Төлеу Ұ.) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен 5 ғылыми жұмыс, 6 оқушы: 11-сынып оқушысы Газизов Зейнолла «Информатика» секциясы бойынша (ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Д.К.), 11-сынып оқушысы Омарова Аружан «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Ахметова Г.К.), 10-сынып оқушысы Бектемір Дильназ «Тіл білімі» секциясы (жетекшісі: Төлеу Ұ.), 11-сынып оқушысы Марат Аймера «Тіл білімі» секциясы бойынша (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 10-сынып оқушылары Ахмедеева Диана мен Муслимова Лана «Тарих» секциясы бойынша (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.) марапатталды.
Барлық жеңімпаз оқушыларымызды және ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы пәндік тестілеуден сүрінбей өтіп, республикалық кезеңде де биіктен көрінулеріңізге тілектеспіз.