«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» акциясы
25 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай облыстық Ішкі істер департаменті «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» акциясы шеңберінде дарынды балаларға ашық есік күнін өткізді. Мектебімізден 11-сынып оқушылары арнайы ұйымдастырылған «Көңілді старт» жарысына қатысып, ІІ орынды қанжығаларына байлады. Оқушылар үшін жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылып, оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылық туралы мәліметтер айтылды.

