Зейнеткерлікке шықты
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай, мұғалімнің сіңірген тәрбиесі мен өнегесі - оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы анық. Бүгінгі таңда ел ұрпағына ұлағатты тәрбие беру, адамгершіліктің ізгі нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Алайда осы салада бар күш-жігерін жұмсап, бойындағы бар жылуын ұрпақ тәрбиелеуге арнап, шәкірттерінің алғысына бөленген ұстаздар да бар. Сондай аяулы ұстаздарымыздың бірі әрі бірегейі - Жусупова Маржангуль Мубараковна.
23 қыркүйекте Жусупова Маржангуль Мубараковна зейнеткерлік жасқа толды. Мектеп ұжымы ардақты ұстазымызды құттықтап, игі тілектерін арнады. Мектеп директоры Сулейменов Ж.Н. Павлодар облыстық кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.
11 «а»-сыныбының оқушылары тәрбиешілерін осы мерейлі күнімен құттықтауға дайындықпен келіпті: тамылжыта ән шырқады, ұстаздарын әсем ырғақты вальске шақырды.Тәрбиешілерінің өмір белестерінен шағын бейнебаян көрсетіп, ұстаздарының көңілін бір көтеріп тастады.






