«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағаты
21 қарашада мектеп кітапханасында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 5-8-сынып оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізе білді. Нәтижесінде тақырып кеңінен талқыланды. Арнайы көрсетілген бейнероликтерді талдап, өз көзқарастарын білдірді. Әр топ бірлесе отырып, «Бейбітшіл ел - Қазақстан» моделін жасады. Жауапты: 7 «б»-сынып тәрбиешісі Мұсабекова А.К.