«Туған жер – тұғырың» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция
2017 жылдың 23 қарашасында облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Туған жер – тұғырың» тақырыбында облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Мектебімізден оқушылар қатысып, конференцияда баяндама жасады. 11 «б»-сынып оқушылары Бәкібай Толғанай І дәрежелі дипломмен, Кабдулхамит Камшат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


