«Шырағын жаққан білімнің» тақырыбындағы әдеби фестиваль
20 қазан күні қазақ мәдениетінің қайраткері Ы.Алтынсариннің туған күніне арналған «Шырағын жаққан білімнің» тақырыбында әдеби фестиваль өтті. Ы.Алтынсариннің ақындық, қайраткерлік, зерттеушілік, шығармашылық шеберлігін, ұстаздық қызметін жан-жақты ашу мақсатында оқушылар топқа бөлініп, ғылыми баяндама жасады. Оқушылар ақынның өлеңдерін сахнада жатқа оқып, жас ақындар өз өлеңдерін арнады. Әңгімелерінен көрініс қойылды.


