Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ХІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі

     2017 жылғы 6 қазанда «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде ХІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау арқылы оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында өткен конкурсқа облыстық оқу орындарынан 14 оқушы қатысты. Қатынасқан сайыскерлердің арасынан мектебіміздің 10-сынып оқушысы Гүлнәр Жанболат Бас жүлдені иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлеу Ұлжан «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталды. Жанболатты жеңісімен құттықтаймыз. Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларына» жолдама алған жеңімпаз оқушымызға сәттілік тілейміз.