«Бес тас» және «Дойбы» ойындары
13 желтоқсанда мектебімізде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-8-сынып оқушылары арасында «Бес тас» және «Дойбы» ойындары өтті. Арнайы ұйымдастырылған спорттық іс-шара мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдап, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу; Ашылу салтанаты Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытты.
Нәтижесінде, «Бес тас» ойынында І орын - 5 «ә»-сыныбы, ІІ орын - 7 «а» -сыныбы, ІІІ орын - 6 «а»-сынып оқушылары иеленді.
«Дойбы» ойынының қорытындысы бойынша І орынды 6 «а»-сынып оқушылары, ІІ орынды 5 «а»-сынып оқушылары, ІІІ орынды 7 «а»- сынып оқушылары қанжығаларына байлады.




