Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
7 желтоқсанда 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!» тақырыбында шағын мерекелік концерт өтті.
Тәуелсіздік күніне арналған әдеби сазды кеш барысында оқушылар белсенді қатысты. Атап айтсақ, Мүбәрәк Мансур «Атамекен» әнін тамылжыта орындаса, Тлеубек Ерғанат «Туған жер» әнін әуелетті. «Айжан қыз» би тобы мың бұралған биімен кеш сәнін келтірді. 8«б»-сынып оқушылары сахналық қойылым көрсетті.




