Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Робот техникасынан облыстық фестиваль

2018 жылғы 17-18 мамыр күндері Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде Робот техникасынан облыстық фестиваль өтті. Фестиваль Павлодар облысы білім беру басқармасы мен «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясының Павлодар облысындағы филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Біздің мектептен 4 команда қатысып, "Altyn Team" командасы – Каббар Ақдаулет, Наурызбай Мейрамбек – Робот сумо-мини категориясында І орынға ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, 2018 жылғы қазан айында Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған информатика және робот техникасы пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы.

Құттықтаймыз!