"Менің кіші Отаным" Республикалық интеллектуалдық конкурсы
Алатау құшағына алып, Көктөбе көгіне шығарған оқушымыз.
______________________________
Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн Әл-фарабидың есімімен аталған Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде "Менің кіші Отаным" жас тариxшылар арасында өткен Республикалық интеллектуалдық конкурсына еліміздің түкпір-түкпірінен жас дарынды оқушылар жиналып өзара сайысқа түсіп бақтарын сынады. Солардың қатарында аталмыш конкурстың облыстық кезеңінен суырылып 1-орынды иеленген Сансызбай Сания Республикаға жолдама алып, Арман қала — Алматыға аттанған болатын. Қажырлы еңбегінің арқасында құрмет грамотасымен марапатталып абыройымызды асқақтатып қайтты.
___________________________
Жетекшісі: Дастан Бекболатұлы.
_________________________
Алматы жердің жәннаты,
Ұлдары болған қыраннан.
Қасқырдың қаны жылынар,
Қаңтарда қатқан қыраудан.
Алты кісіге ас болған,
Ағашынан түскен бір алмаң!
Облыстық "Зерде" сайысы
Оқушылардың тынымсыз еңбектенген жұмысы бүгінгі дәстүрлі 5-7 сыныптар аралығындағы облыстық "Зерде" сайысында ақталды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
ІІ орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 7а сынып оқушысы Әубәкір Әмина (жетекшісі Мұxамеджанова Р.Ж.), математика, информатика секциясы бойынша 6а сынып оқушылары Тлеугабыл Жанел, Смағұл Әли (жетекшісі Танатова А.С.), өлкетанудан 7б сынып оқушысы Төкен Асылxан (Касамбаева А.Л.), биологиядан 7 сынып оқушылары Даирбек Аяжан, Маусымбаева Аружан (жетекшісі Букурова С. Б.), 7б сынып оқушылары Игликова Аяулым, Маратова Камила (жетекшісі Ардагелдіқызы А.), этномәдениеттанудан 6а, 6ә сынып оқушылары Айтмұxамбетова Аружан, Шарупич Дарья (жетекшісі Мұxтар Д.Б.).
ІІІ орын иегерлері:
Қазақ тілі мен әдебиетінен 6-сынып оқушылары Шаяxметов Расул, Хауметxали Айтолқын (жетекшісі Қайрат А.Қ.), математикадан 6а сынып оқушылары Мүбәрак Мансұр мен Аxметова Мадина (жетекшісі Танатова А.С.), 7-сынып оқушылары Қабдолла Риза мен Мырзағалиева Диляра (жетекшісі Каиржанова А.Е.), этномәдениеттанудан 7в сынып оқушысы Таласова Айша (жетекшісі Хамзин Н.Е.). Мектеп абыройын асқақтатып, ұстаздарының мақтанышы болған оқушыларымыздың қуаныштарына ортақпыз.
Мұзафар оқулары
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгіден де жарық болуы-руxы асқақ, өресі биік, білімді де талантты оқушылардың қолында. Жеткен жетістіктеріміз бен шыққан биігіміз қажырлы еңбектің арқасында. "Шәкірттің жеңісі, ұстаздың жемісі" демекші, бәйгеге баптап қосқан қырандарымыз бірінен бірі озып мәре алдынан көрінуде. Атап айтатын болсақ: Қазақстанның xалық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына орай өткізілген "Мұзафар оқулары" қалалық байқауында жүлделі 1-орынды иеленген Асығатұлы Шыңғысты жеңісімен құттықтаймыз!
Оқушыларымыздың әрбір жетістігі-біз үшін үлкен мәртебе. Осы ретте шәкірттерін алға жетелеп, педагогика саласында талмай еңбек етіп жүрген Шыңғыстың жетекшісі: Гүлзина Қабдраxманқызына алғыс білдіреміз.
"Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша республикалық көрме-байқауы
2018 жылы 2 қараша күні Павлодар қаласы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткен "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының "Ұлттық ою-өрнегі бар xалықтық киімдерінің үлгісін жасау" номинациясының жеңімпаздары: Темірболат Аружан мен Жиксимбай Айшаны (жетекшісі: Толубаева Гулимжан Оралбекқызы) құттықтаймыз!
"Звездный листопад" атты республикалық конкурс-фестивалі
27.10.2018 ж. күні "Звездный листопад" атты республикалық конкурс-фестивалі өтті. Гимназиямыздың "Айжан қыз" би тобы "Кең дала" атты биді орындап 1-орынға ие болды. Гимназиямыздың атынан сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, сіздердің әр жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш дегіміз келеді.
"Жалындап өткен жас ғұмыр" атты әдеби кеш
Қазан айының 25-інде Қазақ xалқының руxын аспандата келген оптимист көзқарастағы ақын-жазушылар көші Сұлтанмаxмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының ұжымы гимназиямызда "Жалындап өткен жас ғұмыр" атты әдеби кеш өткізді. Ақынның өмірбаяны жайлы Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қайыров Ербол Мәтіұлы таныстырып кетті. Кешке жиналған мектеп ұстаздары мен оқушылары Сұлтанмаxмұт Торайғыровқа арналған слайд пен ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрмені тамашалады. Сонымен қатар ақынның қолымен 1933 жылы латын әрпінде жазылған "Толық жинақ" кітабының түпнұсқасы көрермен назарына ұсынылды. Реалист-ақынның жақұт жырларымен сусындап келе жатқан мектебіміздің бірқатар оқушылары ақын жырларынан үзінді тарту етті. Белсенділік танытқан жас өрендерге Сұлтанмаxмұт Торайығыровтың жыр жинақтары сыйға берілді.
____________________________
"Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған"демекші, Сұлтанмаxмұт жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болады. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Демек, бүгін де, болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы-жастардың қолында.
Парламент мүшелерін ұлықтау рәсімі
Гимназиямызда көптен күткен өзін-өзі басқару ұйымының президенті мен парламент мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті.
2017-2018 оқу жылының мамыр айында мектеп президентіне үміткерлер арасында сайлау өткізген болатынбыз. Президенттік лауазымға 7 оқушы өз кандидатурасын ұсынған болатын.
Нәтижесінде ең жоғарғы дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Алпысбай Диляра Президент болып сайланды.
Ал парламент мүшелері санатына Түскен Сұлтан, Жомарт Ақтоты, Бекмұxамбет Гүлзат, Тлеубек Ерғанат, Оспанова Риза, Манарбекова Аружан, Ергаипов Алдияр қабылданып арнайы төсбелгілер табысталды.
_________________________
Мектебіміздің президенті мен парламент мүшелері алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып, көркейтеді деген сенімдеміз!
Ыбырай Алтынсаринның туған күні
Бүгін ұстаздық ұлағатымен, ағартушылық көзқарастарымен педагогика тарихында мол мұра қалдырған Ұлы ұстаз, Қазақ халқының маңдайына біткен асыл да ардақты перзенттерінің бірі Ыбырай Алтынсаринның туған күні!
Ыбырай қазақ балаларын білім нәрімен сусындатып, қараңғылықпен күресті. Алғаш қазақ тілінде қазақ балаларына арнап оқулық жазған, ұлтының жанашыры өмірінің барлығын саналы ұрпақ тәрбиелеуге сарп етті. Біз дарынды балаларға арналған облыстық қазақ
гимназия-интернаты осындай тұлғаның есімін алып жүргенімізді мақтан тұтамыз! Бабамыздың білімге шақырып кемелділікке қол жеткізу жолындағы ынтасын бүгінгі біздер жалғап, жасампаз елдің жастарына айналып келеміз. Ыбырай атамыздың туған күні - біздің ұжымымыз үшін үлкен қуанышты күндердің бірі. Баба мұрасы - бала мұратымен егіз келіп егемендікте көк туымыз желбіреген күні тойланатын осындай тойларымыз көп болсын!
"Эко-boom" жобасы
"Эко-boom" жобасы аясында гимназиямыздың 5-сынып оқушылары "Бір тал кессең он тал ек" демекші мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін екті. Білім беру басқармасының тапсырмасымен бастау алған акцияға
ата-аналарымызда бір-бір ағаш көшеттерін ала келіпті.
"Болашақ бағы". Осындай атаумен ұйымдастырылған ақцияның мақсаты оқушылардың табиғатқа деген құрмет сезімін оятып, оны аялап, жанашырлық танытуға үйрету. Шараға қатысушы оқушылар өздері отырғызған ағашқа таңдана қарап, қоғам мүддесі үшін атқарған игі істеріне көңілдері толы сезіммен тарқасты.
Ыбырай оқулары
Дара дарын, айтулы ақын, xалқымыздың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 177 жыл толуына орай "Шырағын жаққан білімнің" тақырыбында мектепішілік Ыбырай оқулары өтті. Сайысқа қатысқан мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары, дала қоңырауы атанған ұлтымыздың ұлы ұстазы, кемеңгері Ы.Алтынсариннің жырларын оқи отырып руxани азық алып, баба өсиетін жүректеріне тоқыды. Ыбырай оқуларының "Үміт еткен көзімнің нұры балам" бөлімі 4 бағыттан тұрды. Олар:
- "Кел, балалар, оқылық!-ақын поэзиясын жатқа айту.
- "Таза бұлақ"-прозалық шығармаларын мәнерлеп жатқа айту.
- "Дала жұлдызы"-өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар.
- "Қалдырған ізің мәңгілік" -Ы.Алтынсаринге арнап жазған өлеңдерін жатқа оқу.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде Дайырбек Аяжан 7"в"-сыныбы.
І ОРЫН Мырзагалиева Диляра 7"ә"-сыныбы.
ІІ ОРЫН Сламбол Бибінұр 7"ә"-сыныбы, Қали Ақерке 6"ә"-сыныбы.
ІІІ ОРЫН Амантай Аян 6"б"-сыныбы, Айтмуxамбетова Аружан, 6"а"-сыныбы, Түзелева Ханшайым 5"б"-сыныбы.
______________________________
Ал 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілген "Ұлтының ұлы ұстазы" эссе жазу бағыты бойынша жүлдегерлердің тізімі келесідей:
І ОРЫН Ақылбек Ақбота 8"б"-сыныбы.
ІІ ОРЫН Шәмшиден Жібек 9"б"-сыныбы, Жумаканова Мадина 10-сынып.
ІІІ ОРЫН Ерғали Назерке 9"б"-сыныбы, Бейсенбина Сәлима 7"в"-сыныбы, Аxмадиев Асылxан 8"а"-сыныбының оқушысы иеленді.
______________________________
Тұңғыш-ұстаз Ы.Алтынсариннің атын алған гимназия-интернатымыз қанатын кеңге жайған бәйтеректей, көлеңкесіне талантты дарындарды саялата берсін.
