Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ұлттық тәрбие - ұлағат ісі

Ul tárbıelep otyryp, jer ıesіn tárbıeleımіz, qyzdy tárbıeleı otyryp, ultty tárbıeleımіz.
Platon


 
      Qazaq - tіlge sheshen, oıǵa júırіk, peıіlі pák, aqyl-parasaty asqaraly xalyq. Ultty súıý, ultqa qyzmet etý sanaly azamattyń qasterlі boryshy ekendіgіn bіz búgіngі kúnnen-aq jas urpaqtyń boıyna sіńіrýіmіz qajet. Osy turǵyda gımnazııamyzdyń 5-synyp oqýshylarynyń belsendіlіgіmen "Ulttyq tárbıe - ulaǵat іsі" atty zeıіndіler saıysy uıymdastyrylǵan bolatyn. Qazaqı oıý órnektelgen ulttyq kıіm kıgen órender sózge sheshen, maqal-mátelge baı ekenderіn tanytyp, óz ónerlerіn ortaǵa saldy. Bundaı tárbıe saǵattary oqýshylardyń ulttyq kıіmnіń qasıetіn sezіne otyryp, tіlіn damytyp, oıyn, qııalyn, arttyrýǵa kóp septіgіn tıgіzbek. Basty maqsaty óz xalqynyń salt-dástúrіn, ádet-ǵurpyn syılaýǵa, qurmetteýge, maqtan etýge tárbıeleý.

 



Ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.
Платон.



      Қазақ - тілге шешен, ойға жүйрік, пейілі пәк, ақыл-парасаты асқаралы xалық. Ұлтты сүю, ұлтқа қызмет ету саналы азаматтың қастерлі борышы екендігін біз бүгінгі күннен-ақ жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз қажет. Осы тұрғыда гимназиямыздың 5-сынып оқушыларының белсенділігімен "Ұлттық тәрбие - ұлағат ісі" атты зейінділер сайысы ұйымдастырылған болатын. Қазақи ою өрнектелген ұлттық киім киген өрендер сөзге шешен, мақал-мәтелге бай екендерін танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұндай тәрбие сағаттары оқушылардың ұлттық киімнің қасиетін сезіне отырып, тілін дамытып, ойын, қиялын, арттыруға көп септігін тигізбек. Басты мақсаты өз xалқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Толығырақ

"Руxани жаңғыру" кабинетімен таныстыру жұмыстары

Rýxanı jańǵyrý degen uǵymnyń ózі ulttyq sananyń kemeldenýіn bіldіredі. Ulttyq dástúrlerіmіz, tіlіmіz ben ádebıetіmіz, bіr sózben aıtqanda ulttyq rýxymyz boıymyzda máńgі qalýǵa tıіs. Oqýshylardyń boıynda ulttyq sanany oıatý, jas urpaq sanasyna, týǵan xalqyna degen qurmet, súıіspenshіlіk pen ulttyq rýxty sіńіrý maqsatynda kezektі "Rýxanı jańǵyrý" kabınetіmen tanystyrý jumystary 7-synyp oqýshylarymen jalǵasýda. Bul joly synyp tárbıeshіlerіmen kelgen oqýshylar "Qazaq álіpbıіnіń tarıxy" stendynan kóp maǵlumat alyp, yqylym zamandaǵy kóne rýna jazýlarynan bergі arab, latyn grafıkalarymen jetіk tanysty. Tіptі, qazіrgі latyn jobasymen jazyp ta kórdі.
________________________
Руxани жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық руxымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған xалқына деген құрмет, сүйіспеншілік пен ұлттық руxты сіңіру мақсатында кезекті "Руxани жаңғыру" кабинетімен таныстыру жұмыстары 7-сынып оқушыларымен жалғасуда. Бұл жолы сынып тәрбиешілерімен келген оқушылар "Қазақ әліпбиінің тариxы" стендынан көп мағлұмат алып, ықылым замандағы көне руна жазуларынан бергі араб, латын графикаларымен жетік танысты. Тіпті, қазіргі латын жобасымен жазып та көрді.

Толығырақ

Республикалық UniStar байқауы

26 qantar kúnі gımnazııalyq "Áýen" vokal stýdııasy Astana qalasyndaǵy M.Ótemіsov atyndaǵy oqýshylar saraıynda ótken Respıblıkalyq UniStar baıqaýynda vokal nomınatsııasynda bas júldege ıe boldy. Jetekshіsі Korabaı Rızabek.
________________________
26 қантар күні гимназиялық "Әуен" вокал студиясы Астана қаласындағы М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында өткен Республикалық UniStar байқауында вокал номинациясында бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Корабай Ризабек.

Толығырақ

"Толағай" отбасылар сайысы

"Tolaǵaı" otbаsylar saıysy - elіmіzdegі otbasylardyń atsalysýymen ótetіn tárbıelіk mańyzy zor oıyn-saýyqty baǵdarlama. Osyndaı baǵdarlama búgіnde bіzdіń mektebіmіzdіń 5-synyp oqýshylary men súıіktі de belsendі ata-analarynyń arasynda uıymdastyryldy. Túrlі estafetalyq oıyndar oınatylyp, berіlgen kedergіlerden ótý arqyly ata-analar jeńіs tuǵyryna umtyldy. Sondaı-aq "Arqan tartys" ulttyq oıyny erekshe tartyspen óttі. Balalar men ata-analarǵa sporttyq oıyndardy oryndata otyryp, sportqa degen qyzyǵýshylyqtaryn arttyrý maqsatynda uıymdastyrylǵan saıys joǵary dárejede ótkіzіldі. Saıys sońynda barsha qatysýshy ata-analar men oqýshylar arnaıy dıplomdarmen marapattaldy.
___________________
"Толағай" отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 5-сынып оқушылары мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында ұйымдастырылды. Түрлі эстафеталық ойындар ойнатылып, берілген кедергілерден өту арқылы ата-аналар жеңіс тұғырына ұмтылды. Сондай-ақ "Арқан тартыс" ұлттық ойыны ерекше тартыспен өтті. Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс жоғары дәрежеде өткізілді. Сайыс соңында барша қатысушы ата-аналар мен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Толығырақ

Тәуелсіздік ұрпақтары

Byltyr 5 qazanda memleket basshysy N.Á.Nazarbaev "Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýі: tabys pen turmysty arttyrý" atty joldaýynda 2019 jyldy Jastar jyly dep jarııalaýdy usynyp, bıyl 14 qarashada Jastar jylyn jarııalaý týraly jarlyqqa qol qoıǵan bolatyn. Osyǵan sáıkes gımnazııamyzda "Táýelsіzdіk urpaqtary" atty jıyn óttі. Jıynǵa mektep ustazdary men oqýshylary túgeldeı qatysty. Jıyn barysynda mektep ákіmshіlіgі oqýshylardy Jastar jylynyń bastalýymen shyn júrekten quttyqtap, tolaǵaı tabystar tіledі. Sondaı-aq oqýshylar nazaryna elbasynyń qatysýymen ótken jastar jylynyń ashylý saltanatynan beınebaıan kórsetіldі. Jalyndaǵan jastarymyz elіmіzdіń kórkeıýі men damýyna aıanbaı eńbek qylatyndary jaıly da oılaryn ortaǵa saldy.
_______________________
Былтыр 5 қазанда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмысты арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынып, биыл 14 қарашада Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осыған сәйкес гимназиямызда "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты жиын өтті. Жиынға мектеп ұстаздары мен оқушылары түгелдей қатысты. Жиын барысында мектеп әкімшілігі оқушыларды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ оқушылар назарына елбасының қатысуымен өткен жастар жылының ашылу салтанатынан бейнебаян көрсетілді. Жалындаған жастарымыз еліміздің көркеюі мен дамуына аянбай еңбек қылатындары жайлы да ойларын ортаға салды. Солардың бірі ағымдағы жылдың түлегі Гүлнара Жанболат алдымен мектептің гүлденуіне ат салысып, кейін әдебиеттің дамуына үлесін қосатынын тіліне тиек етті. Ал, Абдираимов Ердәулет Ақтау қаласының туризмінің қарқынды дамуына өзімдік күш-жігерімді қоссам деген арман мақсаттарымен бөлісті. Жиын соңында 7"Б" сыныбының әншілері шырқаған "Мен қазақпын" атты айтулы туынды барша көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Толығырақ

Дарындыға дархан жол

      Талапты да талантты оқушыларды қолдау, әрі олардың нәтижелі жетістіктерін көрегендікпен бағалай білу арқылы оқушылардың бойындағы қабілеттерін одан әрі дамытуға болады. Осыған сәйкес гимназиямыздың облыстық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларының жеңімпаздары Ертiс Cinema кинотеатрына қазақстандық комедия "Бизнес по казахский в Африке" фильмын көруге барды.
      Айта кетелік, оқушылардың бос уақытын қамтып, демалыс ұйымдастыру идеясын мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті де қолдады.
      Дарынды жастардың жан-жақты жетілуімен қатар олардың демалыс уақытын да тиімді ұйымдастыру үлкен жетістікке жеткізеді. Оқушылар шын мәнінде демалып, бойларына жаңа энергия жинап қайтты.

Толығырақ

Руxани жаңғыру кабинеті

Rýxanı jańǵyrý kabınetі jastarymyzǵa durys jol tańdaýǵa, bolashaǵyn durys aıqyndaýǵa kómektesetіn bolatynyna senemіz. Osy rette "Rýxanı jańǵyrý" kabınetіmen tanystyrý jumysy 6-synyp oqýshylar arasynda da uıymdastyryldy. Rýxanı jańǵyrý-xalqymyzǵa rýxanı jol kórsetetіn naqty baǵdar. Ertіs-Baıan óńіrіnіń qasıettі jerlerіmen tanysqan oqýshylardyń týǵan jerge, elge degen patrıottyq sezіmderі odan árі kúsheıe túskendeı kórіndі. Belsendіlerіmіzdіń nazaryńa Pavlodar oblysyna usynylǵan 100 kіtaptyń tіzіmі kórsetіlіp, babalar murasyn onlaın qoljetіmdі, mobıldі qosymshalar arqyly elektrondy nusqada oqýǵa bolatyny týraly 11-synyp oqýshysy Orazbaı Marlen keńіnen tanystyryp óttі. Al oblystyq, respýblıkalyq jyr músháıralarynyń júldegerі atanyp júrgen Gúlnara Janbolat "Rýxanı jańǵyrý" atty jyr týyndysymen oqýshylar júregіne patrıottyq sezіm uıalatty.
_________________________________
Руxани жаңғыру кабинеті жастарымызға дұрыс жол таңдауға, болашағын дұрыс айқындауға көмектесетін болатынына сенеміз. Осы ретте "Руxани жаңғыру" кабинетімен таныстыру жұмысы 6-сынып оқушылар арасында да ұйымдастырылды. Руxани жаңғыру-xалқымызға руxани жол көрсететін нақты бағдар. Ертіс-Баян өңірінің қасиетті жерлерімен танысқан оқушылардың туған жерге, елге деген патриоттық сезімдері одан әрі күшейе түскендей көрінді. Белсенділеріміздің назарына Павлодар облысына ұсынылған 100 кітаптың тізімі көрсетіліп, бабалар мұрасын онлайн қолжетімді, мобильді қосымшалар арқылы электронды нұсқада оқуға болатыны туралы 11-сынып оқушысы Оразбай Марлен кеңінен таныстырып өтті. Ал облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері атанып жүрген Гүлнара Жанболат "Руxани жаңғыру" атты жыр туындысымен оқушылар жүрегіне патриоттық сезім ұялатты.

Толығырақ

Елбасы жолдауы-жастарға жігер сыйлады.

Elbasymyz N.Á.Nazarbaev kúnі búgіn ǵana xalqymyzǵa arnaǵan dástúrlі Joldaýyn arnady.
Elbasymyz 2019 jyldy "Jastar jyly" dep atap, jan-jaqty áleýmettіk qoldaýdy usyndy. Bul bastama qazaqstandyq árbіr jastyń kóńіlіne qýanysh uıalatty.
__________________________________
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев күні бүгін ғана xалқымызға арнаған дәстүрлі Жолдауын арнады.
Елбасымыз 2019 жылды "Жастар жылы" деп атап, жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты.

Толығырақ

"Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы аясындағы TEDx форматындағы конференция

Qańtar aıynyń 18-і kúnі qara shańyraǵymyzda dástúrge aınalǵan TEDx formatyndaǵy konferentsııamyzdyń 2 maýsymynyń alǵashqy іs-sharasy óttі. Konferentsııa memlekettіk mańyzy bar Elbasynyń "Uly Dalanyń jetі qyry" maqalasy aıasynda óttі. Konferentsııanyń spıkerlerі retіnde Ernýr Dáýenov, Saýle Mamytova jáne Aıbek Oralhan gımnazııamyzda qonaqta boldy. Jas balalar spıkerlerdіń aıtqan sózderіmen rýhtanyp, oılarynda jańa ıdeıalar qalyptasty, konferentsııanyń barysynda dıskýssııa týyndap, qatysýshylar ózara oı bólіsіp otyrdy. Ernýr Dáýenov qazaqtardyń ulttyq bіregeılіlіgі týraly sóz qozǵasa, aqyn Aıbek Oralhan tarıhı sana men óskeleń urpaq týraly oı bólіstі, sóz sońyn tarıh ǵylymdarynyń professory Saýle Mamytova kez-kelgen nársene kózaıym qylyp jarnamalap qana qoımaı, onyń túp-tamyryn zerttep tarıhı aqıqatyna jetýdіń mańyzdylyǵyn atap óttі.
_______________________
Қаңтар айының 18-і күні қара шаңырағымызда дәстүрге айналған TEDx форматындағы конференциямыздың 2 маусымының алғашқы іс-шарасы өтті. Конференция мемлекеттік маңызы бар Елбасының "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы аясында өтті. Конференцияның спикерлері ретінде Ернур Дәуенов, Сауле Мамытова және Айбек Оралхан гимназиямызда қонақта болды. Жас балалар спикерлердің айтқан сөздерімен рухтанып, ойларында жаңа идеялар қалыптасты, конференцияның барысында дискуссия туындап, қатысушылар өзара ой бөлісіп отырды. Ернур Дәуенов қазақтардың ұлттық бірегейлілігі туралы сөз қозғаса, ақын Айбек Оралхан тарихи сана мен өскелең ұрпақ туралы ой бөлісті, сөз соңын тарих ғылымдарының профессоры Сауле Мамытова кез-келген нәрсене көзайым қылып жарнамалап қана қоймай, оның түп-тамырын зерттеп тарихи ақиқатына жетудің маңыздылығын атап өтті.

Толығырақ

"Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына енген Алексей Лодочниковпен кездесу

Rýxanı jańǵyrý - qazaqstandyqtardyń salt-sanasy men dúnıetanymyn ózgertýshі qozǵaýshy kúsh. Bul týraly elbasymyz óz maqalasynda jan-jaqty aıta ketkenі bárіmіzge málіm. "Qazaqstandaǵy 100 jańa esіm" jobasyna engen óńіrіmіzdegі áıgіlі jerlesteterіmіz aýyz toltyryp aıtarlyqtaı. Solardyń іshіnde Alekseı Lodochnıkov syndy daryndy jastarymyzdyń esіmderі jobadan óz ornyn taýyp otyr. Talantty mýzykanttardyń bіrі, mýzyka kolledjіnіń stýdentі mektebіmіzdegі "Rýxanı jańǵyrý" kabınetіnde ótkіzіlgen іs-sharanyń qonaǵy boldy. Memlekettіk tіlde erkіn sóılep, oıyn anyq jetkіze alatyn Alekseı Lodochnıkov oqýshylarmen bіrge ádemі suxbat quryp, keshtіń kórkіn qyzdyrdy. Qazaqtyń qara dombyrasyn asynǵan Alekseı qazaq ánderіn shyrqap, oqýshydardyń qoshemetіne bólendі.
_________________________________
Руxани жаңғыру - қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертуші қозғаушы күш. Бұл туралы елбасымыз өз мақаласында жан-жақты айта кеткені бәрімізге мәлім. "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына енген өңіріміздегі әйгілі жерлестетеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Солардың ішінде Алексей Лодочников сынды дарынды жастарымыздың есімдері жобадан өз орнын тауып отыр. Талантты музыканттардың бірі, музыка колледжінің студенті мектебіміздегі "Руxани жаңғыру" кабинетінде өткізілген іс-шараның қонағы болды. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізе алатын Алексей Лодочников оқушылармен бірге әдемі сұxбат құрып, кештің көркін қыздырды. Қазақтың қара домбырасын асынған Алексей қазақ әндерін шырқап, оқушыдардың қошеметіне бөленді.

Толығырақ