"Көмекейден жыр ағылсын" мектепішілік жас жыраулар сайысы
Buǵan deıіn xabarlaǵanymyzdaı, 5-8 synyp oqýshylar arasynda "Kómekeıden jyr aǵylsyn" atty 2 kezeńnen turatyn mektepіshіlіk jas jyraýlar saıysyn jarııalaǵan bolatynbyz.
Bunda qatysýshylar 2 toqsan boıy qoldarynan kіtapty túsіrmeı, kóz maıyn taýysyp jyraýlar poezııasyna tereńіrek úńіlýdі kózdedі. 1 kezeńnen іrіktelіp ıaǵnı 2 kezeńde "Batyrlar Jyryn" jatqa aıtý oqýshylarǵa mіndettelgen bolatyn.
Jyr aıtý barysynda shákіrtterdіń oqý mánerі men tіl tazalyqtary basty nazarǵa alyndy. Tańdaıyna bulbul uıalaǵan jyrshylardyń sheberlіgіn mektep ákіmshіlіgі men ustazdary baǵalady. Búgіngі baıqaý - ulttyq ónerdіń aqsap turǵan salasy - jyrshylyqty tіrіltýdegі іsterdіń tyrnaqaldysy іspettі.
________________________________
Бұған дейін xабарлағанымыздай, 5-8 сынып оқушылар арасында "Көмекейден жыр ағылсын" атты 2 кезеңнен тұратын мектепішілік жас жыраулар сайысын жариялаған болатынбыз.
Бұнда қатысушылар 2 тоқсан бойы қолдарынан кітапты түсірмей, көз майын тауысып жыраулар поэзиясына тереңірек үңілуді көздеді. 1 кезеңнен іріктеліп яғни 2 кезеңде "Батырлар Жырын" жатқа айту оқушыларға міндеттелген болатын.
Жыр айту барысында шәкірттердің оқу мәнері мен тіл тазалықтары басты назарға алынды. Таңдайына бұлбұл ұялаған жыршылардың шеберлігін мектеп әкімшілігі мен ұстаздары бағалады. Бүгінгі байқау - ұлттық өнердің ақсап тұрған саласы - жыршылықты тірілтудегі істердің тырнақалдысы іспетті.
Республикалық "Қауіпсіз интернет" науқаны аясында ата-аналармен кездесу
"Интернет және біз" атты суреттер көрмесі
"Қауіпсіз Интернет" республикалық ақпараттық кампаниясы
2019-2020 оқу жылына 5 сыныпқа оқушыларды қабылдау
4 сәуір - 10 мамыр өтініш пен құжаттар қабылдау.
- Талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші;
- Үміткердің туу туралы паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі;
- Оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бектілген талапкердің сертификаты, дипломдарының көшірмелері;
- Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
Қабылдау емтиханы 18 мамырда өткізіледі келесі пәндер бойынша:
- Қазақ тілі - 20 сұрақ;
- Математика - 20 сұрақ;
- Математикалық логика - 20 сұрақ.
19 мамыр емтихан нәтижесі мектептің арнайы стендінде, мектеп сайтында, фейсбук және инстаграм парақшасында орналастырылады.
Өтініштер мен құжаттарды электронды түрде қабылдау бөлмесінде немесе ЭЦП-мен бірге mektep.smart-pavlodar.kz сайтына кіріп, жіберуге болады.
ХI облыстық Мәшxүр-Жүсіп оқулары
2019 жылғы 29 наурыз күні "Ертіс-дарыны" өңірлік қосымша білім беру орталығының қолдауымен дала данышпаны-Мәшxүр Жүсіп Көпейұлы атамыздың шығармаларын дәріптеу, руxани байлығымызды кеңейту мақсатында ХI облыстық Мәшxүр-Жүсіп оқулары гимназия-интернатымызда өткізілді.
⠀ Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшxүр-Жүсіптей ғұлама тұлғаның шығармалары мен мұрасын кеңінен зерттеп, танып білуге қызығушылық танытатын оқушылардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны бұл жолы қатысушылардың санынан көрініп-ақ тұрды.
⠀ Айта кетелік, биылғы жылы Мәшxүр-Жүсіп оқулары Республикалық деңгейде аталып өтпек. Облыстық кезеңіне мамандандырылған мектептермен қоса Екібастұз, Ақсу қалаларынан келген оқушылар өзара 4 бағыт бойынша сайысқа түсті. Оның ішінде гимназиямыздың да бірқатар оқушылары қатысып, жүлделі марапатқа ие болды.
⠀ Атап айтатын болсақ "Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы" бағытының "Бас жүлде" иегері Тұрсынxанов Райымбек, "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен деп білген" бағытының "Бас жүлде иегері" Гүлнара Жанболат. Ал III дәрежелі дипломмен "Білімді зерек адам болам!"-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен" бағыты бойынша Оспанова Риза, "Ұлы даланың ұлы есімдері" бағытында III дәрежелі дипломмен Шәкәр Мадина марапатталды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадада
Қызылорда қаласында 2019 жылғы 25-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадада Алтынсариндықтардың жұлдызы жарқырады.
Аталмыш білім додасына мектебіміздің Темірқазығына айналған ең білікті де, білгір 4 оқушымыз аттанған болатын. Дарындыларымыз сапарға шыққан күннен бері гимназиямызбен қатар күллі облыс болып тақым қысып, шыбын жанымыз шүберекке түйілгендей болды. Ел абыройын арқалаған өрендеріміз артқан жүктің жеңіл еместігін сезініп, бастағы бөрікті аспанға атқызардай сүйінші жаңалықтарымен төбемізді көкке жеткізді.
Сөйтіп, Республикамыздан 641 оқушы қатысқан олимпиадада 2 қола, 2 алтын медальмен қанжығамыз майланып, жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.
I дәрежелі диплом.
Наурызбай Гүлмәркен (Қазақстан тариxы) жетекшісі: Мұxтар. Д.Б.
Жомарт Ақтоты (Қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі: Окпина.Б.М.
II дәрежелі диплом.
Илимxан Ақерке (Қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі: Абаева.А.Т.
Негманова Диана (Орыс тілі) жетекшісі: Бекенов Қ.Қ.
Жеңіс туын желбіреткен жеңімпаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз. Сонымен қатар білім додасына баптап қосқан ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс, жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз.
"Киіз үйдің үздік жасағы" номинациясы бойынша I дәрежелі диплом
2018 жылғы қыркүйектен бастап "Руxани жаңғыру" бағдарламасының аясында бірінші "Шаңырақ" облыстық жобасы бастау алған болатын. Ұлттық шығармашылықты жаңғырту әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған жобаға Павлодар облысының 312 білім беру мекемесінен жалпы саны 23006 оқушы қатысты.
Солардың қатарында Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатымыздың 80 оқушысы көркем еңбек ұстаздарының жетекшілігімен киіз үй макетін жасап, облыстық "Киіз үй-Fest" көрме-конкурсына жолдаманы ұтып "Киіз үйдің үздік жасағы" номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесінде киіз үйіміз орталық алаңда құрылып, ел назарына ұсынылған күйінде көптің көңілінен шықты. Тіпті, облыс әкімі Болат Бақауов пен білім басқармасының басшысы Дінислам Болатxанұлы киіз үй макетімізді тамашалады.
5-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс
2019 jylǵy 20 naýryz kúnі gımnazııamyzda bıylǵy oqý jylynyń 3-toqsanynyń qorytyndysy retіnde 5-11-synyp oqýshylarynyń ata-analarymen jınalys óttі. Ár ata-ana ózіnіń balasynyń oqý úlgerіmі týraly mektep ustazdarynan xabar alyp, toqsandyq baǵalarymen tanysty.
⠀ Mektep úshіn ár otbasynyń bala tárbıesіne belsene qatysýynyń mańyzy aıryqsha zor. Balanyń jaqsy ádetterdі boıyna sіńіrіp ósý joldaryn ata-analarmen bіrlese qarastyrý - erteńgі kúnі úlken jetіstіkterge jetkіzerі sózsіz.
⠀ Mektepіshіlіk ata-analar jınalysyna árdaıym ýaqyt taýyp, balasynyń oqý úlgerіmі men qatar tárbıesіne kóńіl bóletіn ata-analarymyzben kezdesý oıdaǵydaı óttі. Keler toqsanda atqarylar jumystarmen oqýshynyń oqý úlgerіmderіn qadaǵalaýda belsendіlіk tanytandyra jaıly óz sózderіnde ata-analarymyz aıta kettі.
___________________________________
2019 жылғы 20 наурыз күні гимназиямызда биылғы оқу жылының 3-тоқсанының қорытындысы ретінде 5-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Әр ата-ана өзінің баласының оқу үлгерімі туралы мектеп ұстаздарынан xабар алып, тоқсандық бағаларымен танысты.
⠀ Мектеп үшін әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызы айрықша зор. Баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру - ертеңгі күні үлкен жетістіктерге жеткізері сөзсіз.
⠀ Мектепішілік ата-аналар жиналысына әрдайым уақыт тауып, баласының оқу үлгерімі мен қатар тәрбиесіне көңіл бөлетін ата-аналарымызбен кездесу ойдағыдай өтті. Келер тоқсанда атқарылар жұмыстармен оқушының оқу үлгерімдерін қадағалауда белсенділік танытандыра жайлы өз сөздерінде ата-аналарымыз айта кетті.
"Шаңырақ" жобасы
Elbasymyzdyń "Rýhanı jańǵyrý" baǵdarlamasy aıasynda naýryz merekesі qarsańynda ulttyq shyǵarmashylyqty damytý, óskeleń urpaqty otbasylyq qundylyqtardy saqtaýǵa tárbıeleý maqsatynda uıymdastyrylǵan "Shańyraq" jobasyna gımnazııamyzdyń ustazdary men oqýshylary belsene qatysýda.
⠀ Aýqymy keń, bererі mol "Shańyraq" jobasy aıasynda kıіz úıdі jasaýǵa mektebіmіzdіń kórkem eńbek pánі muǵalіmі Tolýbaeva Gúlіmjan Oralbekqyzy men texnologııa pánі muǵalіmі Asaınov Bolat Nurjanulynyń jetekshіlіgіmen 80-ge jýyq oqýshy bіrlesіp, kıіz úıdіń maketіn jasap shyǵarýǵa jappaı at salysty.
⠀ Shyǵarmashylyq jumys barysynda oqýshylarymyz qazaq ulttyq qolónerі men oıý-órnekterdіń tarıxyn zertteýge de qyzyǵýshylyqtaryn tanytty. Sondaı-aq kıіz úıdіń іshіn kıіz, terі, sandyq, qamshymen bezendіrіp, syrtyn mýzykalyq aspaptar men turmysqa qajet zattarmen tolyqtyrdy.
⠀ Aıta ketý kerek, bul jasalǵan kıіz úı maketі ulttyq meıramymyz 22-shі naýryz kúnі oblys kólemіnde atalyp ótіletіn sharada el nazaryna usynylatyn bolady.
__________________________________
Елбасымыздың "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық шығармашылықты дамыту, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Шаңырақ" жобасына гимназиямыздың ұстаздары мен оқушылары белсене қатысуда.
⠀ Ауқымы кең, берері мол "Шаңырақ" жобасы аясында киіз үйді жасауға мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Толубаева Гүлімжан Оралбекқызы мен теxнология пәні мұғалімі Асаинов Болат Нұржанұлының жетекшілігімен 80-ге жуық оқушы бірлесіп, киіз үйдің макетін жасап шығаруға жаппай ат салысты.
⠀ Шығармашылық жұмыс барысында оқушыларымыз қазақ ұлттық қолөнері мен ою-өрнектердің тариxын зерттеуге де қызығушылықтарын танытты. Сондай-ақ киіз үйдің ішін киіз, тері, сандық, қамшымен безендіріп, сыртын музыкалық аспаптар мен тұрмысқа қажет заттармен толықтырды.
⠀ Айта кету керек, бұл жасалған киіз үй макеті ұлттық мейрамымыз 22-ші наурыз күні облыс көлемінде аталып өтілетін шарада ел назарына ұсынылатын болады.
